ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен сатып алу

13 марта 2017 16
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы (goszakup.gov.kz) төмендегі ақпаратты жариялады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда жүзеге асырылады.

Заңның 51-бабының 2-тармағында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алу кезінде Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алуды жүзеге асыратыны көзделген.

Заңның 51-бабының 4-тармағында көрсетілгендей, Заңның 51-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді.

Сонымен бірге Заңның 41-бабының 1-тармағында мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші өнім берушіні айқындайтыны және онымен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасатыны көзделген.

Осылайша, Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу тапсырыс берушінің хабарландыру жарияламай-ақ өнім берушіні айқындауы жолымен, яғни бәсекелестік емес негізде жүзеге асырылады.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде айтарымыз: Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1181 қаулысымен бекітілген Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу бойынша талаптар сақталмауы мүмкін.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях