ЕАЭО-да АӨК мәселелері жөніндегі дауды сотқа дейін реттеу жүйесі

10 марта 2017 16
ЕЭК-теАӨК мәселелеріжөніндегі дау-дамайдысотқадейінреттеудің ашықжүйесі жасалды.Алдын ала келіссөздер мен консультациялар өткізу –ЕАЭО сотында дауды әрі қарай қарау мүмкіндігі үшін міндетті талап болып табылады.

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) ақпараты бойынша, Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) келісілген агроөнеркәсіптік саясатты, оның ішінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі саясатты іске асырумен байланысты дау-дамай жөніндегі келіссөздер мен консультацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мақұлданды.

Елдер арасындағы дауды сотқа дейін реттеуге кемінде 60 күнтізбелік күн кетеді. ЕЭК Алқасы өз кезегінде ЕАЭО елдеріне жанжалдарды сотқа дейін реттеуде өзара ықпал етеді.

Дауды бастаушы-елдің ЕЭК-ке жолдаған ресми өтінішінде даудың себебіне айналған фактілер көрсетілген дұрыс және ұлттық әрі одақтық заңнамаға сілтеме беру керек. Сондай-ақ келіссөздерді ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар керек, олар ЕЭК Алқасы жанындағы АӨК жөніндегі Консультативтік комитет шеңберінде өткізілуі мүмкін.

Жауапкер-ел ресми өтініш алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде дауды бастаушымен келіссөздер және консультация жүргізу күні мен орнын келіседі әрі бұл туралы ЕЭК-ті хабардар етеді. Комиссияға келіссөздің өтетіні туралы барлық мүше-мемлекеттерді хабардар ету үшін 5 жұмыс күні беріледі. Келесі 10 күн ішінде ЕАЭО елдері Комиссияға келіссөзге қатысу, сондай-ақ дау бойынша айқындамалары мен айқындаманың қалыптасуына жауапты өкілетті мемлекеттік орган туралы хабарлайды. Келіссөздер мен консультациялардың аяқталу сатысында мемлекеттік органдардың ресми өкілдері дауды реттеу нәтижелері бойынша қорытынды хаттамаға қол қояды.

Әзірше Одақ мемлекеттері арасында ауыл шаруашылық мәселелерімен байланысты сотта үлгі боларлық жағдай орын алған жоқ. Алайда мұндай мүмкіндік жоққа шығарылмайды. Жаңа нормативтік акт ЕАЭО елдеріне дауды ең ақырғы шара – еуразиялық сотқа жеткізбей-ақ өркениетті түрде шешуге көмектеседі.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях