Құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазыналық сүйемелдеу енгізіледі

1 марта 2017 45
Бюджет заңнамасы мен «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын бұзушылықтың басым үлесі құрылыс саласына тиесілі.

ҚР Қаржы министрлігі көлеңкелі экономиканы азайту, құрылыс барысына мониторинг жүргізуді күшейту, бюджет қаражатын оңтайлы пайдалану үшін құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеуді енгізуді ұсынды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Премьер-министрінің төрағалық етуімен өткен Үкімет отырысында ұлттық статистика органдарының ресми мәліметтері бойынша Қазақстанда көлеңкелі экономика көлемі кемінде ІЖӨ-нің 20%-ын құрайтынын атап өтті. Қылмыстардың көп мөлшері мемлекеттік сатып алу кезінде жалған кәсіпорындар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру жолымен бюджет қаражатын жұмсауға байланысты болып отыр.

Бұл ретте бөлінген ақша қаражатының үштен бір сомасы «құрылыс» және «сауда» салаларына тиесілі.

Мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметтері бойынша, 2016 жылы орын алған 380 қылмыстық істің 115-і құрылыс саласына тиесілі, бұл 30,2%-ды құрайды.

Жоғарыда аталған олқылықтарды жою үшін құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу енгізіледі. Бұл құрылыс сапасын бақылауды, бюджет қаражатын мақсатты пайдалануды, төлемдердің айқындығын, салықтың толық төленуін, қазақстандық қамтуды бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тәжірибеде алғаш рет жобаны басқару жөніндегі супервайзер (инжинирингтік компаниялар) қызметтері тартылатын болады, ол құрылыс сапасын ғана емес, барлық жұмсалған шығындардың негізділігін қадағалайды.

Аталған тетік ағымдағы жылы үш аймақта: Астана қаласында, Ақмола және Қарағанды облыстарында апробацияланатын болады.

Сөзін қорытындылай келе Бақыт Сұлтанов қазынашылық сүйемелдеуді енгізу бойынша Жол картасы бекітілгенін айтты. Пилоттық жобаны енгізу қорытындылары бойынша құрылыс саласында мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеуді нормативтік бекіту үшін ҚР заңнамасына енгізілетін түзетулер пысықталатын болады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях