«Алтын сапа» конкурсы мен «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесі

23 февраля 2017 29
«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарының барлық лауреаттары мен дипломанттары конкурс эмблемасын 4 жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Президентінің 2017 жылғы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесінің сыйлықтарын алу үшін конкурс өткізетінін хабарлады. Конкурстардың мақсаты – отандық өндірушілерді қолдау, олардың тауарлары мен көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру.

 «Алтын сапа» конкурсы 3 номинация бойынша өткізіледі:

– «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;

– «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын»;

– «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын».

Әр номинацияда 3 сыйлық беріледі, олар мынадай санаттарға бөлінеді: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі. Бұдан бөлек, аталған конкурс шеңберінде Палата қосымша атақтар тағайындады: «Сапа көшбасшысы», «Үздік индустриалдық жоба», «Үздік инновациялық жоба» және «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».

 «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесі 3 номинацияны қамтиды:

– «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

– «Үздік азық-түлік тауарлары»;

– «Халыққа арналған үздік тауарлар».

Олардың әрқайсысы бойынша I, II және III дәрежелі дипломдар табыс етіледі.

Конкурсқа жеке кәсіпкерлермен қатар, Қазақстан аумағында тауар өндірумен, қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғалар да қатыса алады (әскери техника мен қару-жарақ өндіруді қоспағанда).

Конкурсқа мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдар мен белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерді жүзеге асыру туралы шешім қабылданған ұйымдар қатыса алмайды.

www.altynsapa.kz сайтынан сіз конкурс туралы толығырақ ақпарат таба аласыз. Өткен жылғы конкурстың бірқатар нәтижелерімен мына жерде танысуға болады.

ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Палата бірқатар өзгерістер, оның ішінде сараптау комиссиясына қатысты өзгерістер енгізгенін, атап айтқанда, бұрын олар «көбінесе шенеуніктерден тұрса, бүгінде жұртшылық өкілдері, журналистер мен бизнес-ассоциациялардың сарапшылары» көбірек қамтылғанын атап өтті. Сондай-ақ ҰКП Президент Әкімшілігіне «Қазақстанның үздік тауары» конкурсын Интернет-дауыс беру жолымен өткізу туралы ұсыныс жолдады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях