ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді анықтауға бизнес-қоғамдастықтың қатысуы

17 февраля 2017 13
16 ақпанда «Атамекен» ҚР ҰКП ЕЭК-мен бірлесіп бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу сондай-ақ ЕЭК Алқасының мүшесі Карине Минасяннің қатысуымен өтті.

Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Карине Минасян: «Біз үшін бизнеспен қарым-қатынас – түбегейлі мәселе, нақты проблемаларды тікелей біз бизнестен білетін боламыз. Кәсіпкерлерді алаңдататын мәселелер туралы ақпарат алған кезде, өз жұмысыңда не нәрсеге ерекше көңіл бөлу керектігін шынайы түсінесің», – деп атап өтті.

Кездесу барысында мынадай проблемалық мәселелер: РФ ішкі су жолдарына қолжетімділіктің жоқтығы, Қырғызстанда белгіленген бірқатар кедергілер, Одақтың алкогольдік нарығына қолжетімділік және еліміздің бизнес-қоғамдастықтары үшін өзекті болып табылатын басқа да мәселелер көтерілді. Өз кезегінде Карине Минасян олардың ең маңыздылары 7 наурызда өтетін Үкіметаралық кеңес отырысында қаралатынына уәде берді.

Бұдан бөлек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестегі шоғырландырылған кедергілер тізімін Комиссияға табыстау үшін ҚР уәкілетті мемлекеттік органына жіберуді жоспарлап отыр.

«Қалыптасқан әлемдік тәжірибе заманауи әлемде өмірде де, бизнесте де шынтағыңды тірейтін жерді, өзара қолдау мен командалық ойынды сезінудің өте маңызды екенін бақылауға мүмкіндік береді. Сондықтан біз өз күшімізді біріктіруіміз, Одақ елдері бизнесін дамыту жолында кездесетін кедергілерді ықшамдауға мүмкіндік беретін бірлескен шараларды қалыптастыруымыз қажет», – деді қорытынды сөзінде ҰКП Басқармасы төрағасының орынбасары Дана Жүнісова.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті өз қызметкерлерінің үнемі ЕАЭО шеңберінде Одақтағы серіктестерімен ынтымақтастық жасау кезінде отандық кәсіпкерлерде туындайтын проблемалық мәселелер, жүйелі кедергілер мен басқа да шектеулердің мониторингін өткізетінін еске салды.

Осындай шектеулер болған жағдайда Департамент өзіне жүгінуді өтінеді. Өз өтінішіңізді dei@palata.kz электрондық поштасына жолдауыңызға болады немесе 8 (7172) 919 373 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях