ҰКП ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді талқылауға шақырды

10 февраля 2017 17
Отандық кәсіпкерлер ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді талқылауға қатысуға шақырылды. Шара 16 ақпанда өтеді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрі – ЕЭК) бірлесіп, «Бизнес-қоғамдастықтың ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді анықтауға қатысуы» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізетінін хабарлады. Іс-шара «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасының мүшесі Дана Жүнісованың төрағалық етуімен, ЕЭК-нің ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Карине Минасянның қатысуымен өтеді.

«Атамекен» ҰКП бұл үшін жеке алаң ұсынады («Түркістан» конференц-залы), онда сондай-ақ «Еуразиялық экономикалық одақ ішкі нарықтарының қызметі» атты ақпараттық ресурстың таныстырылымы болады.

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капитал және жұмыс күшінің бірыңғай нарығы көптеген мүмкіндіктер мен артықшылықтар ұсынады. Алайда бүгінгі таңда ЕАЭО бизнес-қоғамдастықтарына бұл артықшылықтарды толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермейтін кедергілер аз емес.

ҰКП аталған шара ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жою бойынша бірқатар өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ЕЭК мен Қазақстанның бизнес-қоғамдастықтары арасындағы құрылымдық диалогты жолға қояды деп үміттенеді. Отандық кәсіпкерлердің қатысуы «алғашқы қолдан» жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел отырысына қатысу туралы неғұрлым толық ақпаратты сіздер Палатаның веб-парақшасынан таба аласыздар.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша таныстырылымдық және мәтіндік материал ҰКП ресми Интернет-ресурсында еркін қолжетімділікпен ұсынылатын болады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях