ЕАЭО Кеден кодексіне толықтыру енгізу әзірленіп жатыр

9 февраля 2017 11
Бірыңғай кедендік реттеуге көшу ЕАЭО елдерінде неғұрлым тиімді де ашық түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, бизнес шығындарын да төмендетеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – ЕЭК) хабарлағандай, Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдері мемлекеттік органдары мен бизнестің уәкілетті өкілдері бірлесіп алғашқы кезектегі нормативтік-құқықтық база әзірлеуде. Базада 26 норма бар, олар ЕАЭО Кеден кодексі туралы Шарт бойынша ұлттықтан жоғары деңгейге жатады. Кодекс оларды іске асырмай тұрып толық көлемде жұмыс істей алмайды. Жаңа енгізілім Одақтың жаңа Кеден кодексімен бір мезгілде күшіне енеді.

13 ақпаннан бастап Комиссия көпшілік талқысына салу үшін қабылданған шешімдердің жобасын өзінің ресми Интернет-парақшасында жариялайтын болады.

ЕЭК-нің кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Мұқай Қадырқұловтың айтуынша, Комиссияның қарауына берілген ЕАЭО Кеден кодексі туралы Шарт қолданыстағы Кеден кодексіне қарағанда 3 есе көп құзыреттілікті қамтиды. Бұл – шамамен 330 норма. ЕЭК мамандарының есебінше, оларды іске асыру үшін 100-ге жуық шешім әзірлеу қажет.

ЕАЭО-ның жаңа Кеден кодексінде негізінен бірқатар жаңа ережелер қамтылған. Олар сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының жұмысын жеңілдетуге тиіс, сол арқылы экономика мен сауданың дамуына ықпал жасайды. Күтіліп отырған жағымды жақтардың ішінде экспорттың өсуі мен экономиканы жаңашаландыруға қажетті импорттық тауарлардың жеткізілуін оңайлату мәселелері бар. «Адам факторының» әсерін жоққа шығаратын үздік халықаралық тәжірибелерді қолдану сыртқы нарықпен байланысты кәсіпорындардың қызметін айтарлықтай жандандыруға ықпал ететін болады деп күтілуде.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях