ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың жалпы тізілімдері

26 января 2017 12
Автомобиль, теміржол, әуе және теңіз арқылы өткізу пункттерінің жалпы тізілімі қалыптастырылуда. Біріздендірілген ақпарат ЕЭК сайтында көрсетілетін болады.

ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың жалпы тізілімдері

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағында тауарларды әкелу мен әкету орындарының жалпы процесінің ақпараттық өзара әрекетін реттейтін бірқатар технологиялық құжаттарды бекітті.

Сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылар тауарларды әкелу мен әкету орындары – Одақ елдеріне өткізу пункттері туралы барлық қажетті біріздендірілген ақпаратты Комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаменті парақшасынан ала алады. Бұл өткізу пунктінде кедендік операцияларды жүзеге асыратын орган атауын, жұмыс уақытын, мекенжайын, халықаралық тасымал түрлері, тауар, кедендік операциялар бойынша мамандануды анықтауға мүмкіндік береді.

СЭҚ қатысушыларының, атап айтқанда: кеден өкілдерінің, кедендік тасымалдаушылардың, кедендік және еркін қойма иелерінің, сондай-ақ уақытша сақтау қоймаларының, еркін экономикалық аймақ резиденттерінің бірқатар жалпы тізілімі жарияланып та үлгерді. Бұл тізілімнің көмегімен СЭҚ қатысушылары кеден қоймаларының жұмыс уақытын ғана емес, лицензияны қолданудың аяқталу мерзімін де нақтылай алады, сондай-ақ тауарларды қоймада орналастыру бойынша оның иелеріне қатысты мүмкіндіктер туралы да біле алады.

Ортақ процестің енгізілуі қолданыстағы ұйымдастырушылық және техникалық шешімдерді бір ізге салуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях