Мемлекеттік кіріс комитеті электрондық шот-фактураларды енгізу жөнінде түсініктеме берді

20 января 2017 28
Электрондық нысандағы шот-фактуралардың міндетті көшірмесі кезең-кезеңмен және салық төлеушілердің жеке санаттары бойынша енгізіледі

Мемлекеттік кіріс комитеті электрондық шот-фактураларды енгізу жөнінде түсініктеме берді

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЭШФ көшірмесі жөніндегі міндеттемелер уәкілетті экономикалық операторларда ғана пайда болды.

Кеден кодексіне сәйкес, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган заңды тұлғаға уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне қосу туралы куәлік ұсыну жолымен береді және бүкіл ҚР аумағында танылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда барлығы бес уәкілетті кедендік оператор бар. Оларға: «Рахат» АҚ, «Кока-Кола Алматы Боттлерс» ӨК ЖШС, «Евразиан Фудс» АҚ, «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ және «RG Brands Kazakhstan» ЖШС жатады.

2016 жылдың  11 қаңтарынан бастап ЭШФ көшірмесі жөніндегі міндеттемелер ҚР аумағынан ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің аумағына  Тізбедегі тауарлар мен ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды мен атауы Тізбеге енгізілген тауарларды сатуды немесе әкетуді жүзеге асырған салық төлеушілерге салынады. 

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес тауарлар тізіліміне қатысты ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерімен салыстырғанда әкелінген кеден баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемесі қолданылады жәнемұндай баж мөлшерлемесінің көлемі 2015 жылғы 14 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен анықталды.

Аталған тізілім сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушылары үшін ҚР ҚМ МКК сайтында еркін қолжетімділікте орналасқан (http://kgd.gov.kz/ru/content/reshenie-soveta-evraziyskoy-ekonomicheskoy-komissii-ot-14-oktyabrya-2015-goda-no-59-1). 

2016 жылдың 1 шілдесінен бастап уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалары мен кедендік қоймалардың иелері де ЭШФ жазып беруге тиіс. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мониторингке жататын ірі салық төлеушілер, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – барлық қосымша құн салығын төлеушілер.

«ЭШФ жүйесін енгізудің барлық кезеңдері аталған норма талаптарын орындау тәртібін түсіндірумен қоса жүрді», – деп атап өтті МКК-де.

Түсіндіру жұмыстары «Атамекен»ҰКП-мен бірге негізінен тікелей заңнама талаптарының ықпалына түскен салық төлеушілермен жүргізілді.

Бұл ретте 2015 жылдан бастап шот-фактураларды электрондық форматта рәсімдеген кәсіпкерлер санының өскені көрсетіледі.

Осылайша, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 7,6 трлн. теңге сомасына 21,4 млн. электрондық шот-фактура жаздырған 90 мыңнан астам ЭШФ қолданушылары тіркелді (2014 ж. – 116 304 ЭШФ, 2015 ж. – 800 мыңнан астам ЭШФ, 2016 ж. – 20 млн. астам ЭШФ).

Сонымен қатар мұндай өсімге Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі және сәйкесінше, тауарларды алу тізбесіндегі тауарларды сатуды жүзеге асыратын салық төлеушілердің ЭШФ көшірмесі бойынша міндеттемелерінің туындауы себеп болғаны аталып өтті. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях