ЕАЭО-ның бірыңғай ақпараттық жүйесінің дамуы

19 января 2017 22
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесінде 2017–2018 жылдарға арналған ЕАЭО-ның бірыңғай ақпараттық жүйесінің даму жоспары қабылданды.

ЕАЭО-ның бірыңғай ақпараттық жүйесінің дамуы

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесінде 2017–2018 жылдарға арналған ЕАЭО-ның бірыңғай ақпараттық жүйесінің даму жоспары қабылданды,  оның отырысы 2017 жылы 13 қаңтарда өтті. «ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің билік органдары арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін цифрлық онлайн-кеңістік құру, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алып өту үшін ашық орта жасау ЕЭК қызметінің неғұрлым болашағы зор және маңызды векторларының бірі», – деп атап өтті отырыс барысында ЕЭК Алқасының төрағасы Тигран Саркисян​.

2017 жылдан бастап-ақ Одақтың барлық елдері үшін медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмек құралдарының айналысы саласында ақпарат алмасудың ортақ жүйелері, сыртқы экономикалық қызмет субъектілері мен зияткерлік меншік құқық иелерін сәйкестендіру тізілімі қолданыла бастайды. Электрондық форматта жүзеге асырылатын ЕАЭО мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларына бірыңғай қолжетімділік жүйесі іске қосылады.

Бұдан бөлек, Кеңес мүшелері тарифтік артықшылық берілген дамыған және ең нашар дамыған елдерден тасымалданатын тауарлардың тізімін бекітті.

Тізімге Одақ елдерінің экономикасы үшін таңсық бұйымдар, азық-түлік пен шикізат, импорт енгізілді. Мәселен, оған кофе, дәмдеуіштер, какао-боб, чай-мате, тығын және одан жасалған бұйымдар, тропикалық түрдегі сүректен жасалған орман материалдары, табиғи каучук,  гуттаперча және соған ұқсас табиғи шайырлар бар. Бұдан бөлек, коллекциялау мен антиквариат заттарына, қымбат металдар мен меруертке, қолдан тоқылған кілемдерге кедендік баж азайтылады. Индустриалдық сипаттағы шикізат тауарлары арасында кедендік артықшылықтар қара және түсті металдарға,  машина жасау өнімдерінің бірқатар түрлеріне беріледі.

Тұтас алғанда, кедендік артықшылықтарға дамыған және ең нашар дамыған елдерден импортталатын 60%-қа жуық тауар номенклатурасы ие болады (бұрын – 37%).

Бұл шешімді қабылдау ДСҰ шешімдерін орындау жөніндегі маңызды қадам болып табылады және ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің әрі қарай да әлемдік экономикаға бірігуіне ықпал етеді. Дегенмен Еуразиялық экономикалық одақ Одақ елдерінің экономикасы үшін айрықша маңызы бар тауар топтарына қатысты тарифтік қорғанысты қамтамасыз етуді жалғастырады.

Сондай-ақ Кеңес отырысында Одаққа қатысушы мемлекеттер ерекше көмекқаржы ұсынған кезде ерікті мәміле тәртібін реттейтін келісім, сонымен қатар ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласында міндеттемелер бұзылған жағдайда өтемақы төлеу тәртібі мақұлданды.

 Әрі қарай өсуді қолдау үшін бірқатар шаралар кешенін іске асыру қажет,  олар мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында жоғары технологияны енгізуді,  ең көп талап етілетін асыл тұқымды табын жасауды, заманауи өңдеуші өндірістер салуды, ауылшаруашылық машиналарын жасау мен лизингтік рәсімдерді, оның ішінде ауыл шаруашылығын өндірушіге түсетін қаржылық жүктемені азайту есебінен оңтайландыруды қолдауды қамтиды.

Отырысқа қатысушылар ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты барлығы 18 мәселені талқылады.  

                                                                                Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях