Мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін жазалау

18 января 2017 21
ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы қызметкерлері Б. Майлыбаев пен Н. Галихинді қамауға алуға санкция берілді.

Мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін жазалау

БАҚ беттерінде ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Б. Майлыбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

2017 жылғы 12 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген «Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету» делінген қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы қызметкерлері  Б. Майлыбаев пен Н. Галихинді ұстады.

14 қаңтарда Астана қаласының Есіл аудандық соты ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы қызметкерлері Б. Майлыбаев пен Н. Галихинді қамауға алу санкциясын берді.

Аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы негізінде ҰҚК тергеу изоляторына қамалды.

 Бағлан Майлыбаев 2017 жылы 12 қаңтарда ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметті 2011 жылдан бері атқарып келген еді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях