2017 жылға арналған экономикалық болжам

28 ноября 2016 49
Қазақстан билігі елдің 2015 жылдың тамызынан бері экономикалық дағдарыста екенін мойындады.

2017 жылға арналған экономикалық болжам

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыстың ғаламдық сипат алып отырғанын, әлемде ешкім де оның зардаптарынан құтыла алмағанын атап өтті.

Н. Назарбаев алдағы жылдардың оңайға соқпайтынын, бұрынғы дағдарыстарға қарағанда ауырлау болатынын жасырмайды. Сарапшылар экономикалық тұрақсыздықтан шығу үшін Қазақстанға екі жыл керек деп болжап отыр.  

Сарапшылар экономикалық жағынан өсуді экспорттық тауарлар, соның ішінде өндірістік металдар жөніндегі жағымды трендтер ынталандырады деп болжайды.

 «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ активтерді басқару бөлімінің басшысы Айвар Байкенов биылғы жылдың мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде девальвациялық күту және жаңа реалияларға біртіндеп бейімделу жылы болғанын айтты. Келесі жылдың бұдан да сәтті болуы әбден мүмкін.     

Оның пікірінше, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде өтіп жатқан қазынашылық ынталандырудың ізінше дегенмен де Ұлттық банк монетарлық ынталандыру саясатын жүргізуді бастайды деп күтілуде: базалық мөлшерлемені одан әрі төмендететін болады, бұл қорландыру мөлшерлемесін түзетуге және  банктік кредит берудің жандануына алып келеді.

Экономист Мағбат Спановтың болжамы соншалықты үміттендірмейді. Оның болжауынша, бәрі де әлемдік нарыққа байланысты, егер мұнай бағасы тұрақтандырылса, бізде экономика секторын қаржыландыруға арналған қосымша қаражат болады, мұның өзі ІЖӨ-нің өсуіне алып келеді. Егер тұрақтанбаса, экономиканың өсуін күтудің қажеті жоқ.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі  



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях