Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық

22 ноября 2016 43
Квазимемлекеттік секторда Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды анықтады.

Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық

Квазимемлекеттік секторда Агенттік жүргізілген мониторинг нәтижесінде  сыбайлас жемқорлыққа қатысты ірі құқық бұзушылықтарды анықтады. Аталған қылмыста айыбы ашылғандар ұлттық  компаниялардың бірінші тұлғалары болып шықты.  

Бұл бағыттағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың өсуі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе артқан (143-тен 202 жағдайға дейін).

Негізінен қымқыру, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану, пара алу фактілері  сатып алуды жүзеге асыру мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде орын алады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  «Байтерек Development» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жақыповтың, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі дирекцияның басшысы Айтымбетовтің, басқарушы директор Сариевтің реттелген тәсім бойынша пара алғанын әшкереледі.

Орал, Көкшетау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған қалаларындағы 13 ұйымнан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жалгерлік тұрғын үй құрылысы кезінде пара алынған.

Басшылар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жүйелі негізде ұзақ уақыт бойы жасаған, бұл ретте  олардың әрқайсысына белгілі бір рөл бөлінген.

 Еске сала кетейік, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Байтерек Development» халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына арналған жалгерлік және кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша негізгі оператор болып анықталды.

Аталған қылмыстардың алғышарттары жасанды түрде құрылған тосқауылдар, ашықтықтың жоқтығы,  дискрециялық өкілеттіліктің  кеңдігі болып табылады.

Талдау көрсеткендей, барлық тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының  көпшілігі квазимемлекеттік сектордағы  сатып алу шеңберінде жасалады.

Мұндай жағдайдың басты себебі сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі бірыңғай тәсілдеменің,  ақпараттық-талдау платформасының жоқтығы, ашықтық деңгейінің жеткіліксіздігі, реттеудің әкімшілік тәсілдерінің басымдығы болып табылады.

Сондай-ақ құжаттарды, келісімдерді, сараптама өткізуді жария түрде талқылау рәсімі жоқ, нормативтік құқықтық акт ретінде әділет органдарында тіркелмейді.  Тағы бір кемшілігі – қажетті қағаздарды әзірлеу және бекіту холдингтер мен компаниялардың өздеріне өтеп алуға берілген.

Бұдан бөлек, квазимемлекеттік сектордағы сатып алу жүйесінде бақылау тетіктері жоқ деуге болады, оларды жүргізу барысы қадағаланбайды және  нәтижелері жарияланбайды, жекелеген компанияларда өтінімдер бұрынғыша қағаз үлгісінде қабылданады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях