2017 жылы инфляция деңгейі қандай болмақ?

17 ноября 2016 102
2017 жылға арналған экономикалық болжам жарияланды.

  Қазақстанның Ұлттық банкі мұнай бағасы барреліне 40 доллар болып тұрғанда, инфляция деңгейі 2017 жылы мақсатты дәлізде 6-8 пайыз болатынын, 2018 жылы дәлізге 5-7 пайызбен бірқалыпты ену басталатынын мәлім етті.

 Сондай-ақ 2016 жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны  0,2-0,5 пайызға бағаланғаны, ал 2017 жылы 1,5-2 пайызды құрайтыны аталып өтті.

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, ҚР-ғы инфляцияның басты тәуекелі мұнай бағасы баррелінің 30 доллардан төмен құлдырауы болуы мүмкін.

Болжам бойынша, инфляцияның баяулауы әлемдік тауар нарығындағы жағдайдың тұрақтануы, салықтық-бюджеттік бейтарап саясат жүргізу,  ішкі әлсіз сұраным мен экономикалық агенттің жинақтаушы тәртібі, оның ішінде 2016 жылы орташа тежеушілік ақшалай-кредиттік саясаттың жүргізілуі нәтижесінде орын алуы ықтимал.

ҚР Ұлттық банкі 2018 жылдың екінші тоқсанына шейін "қатаң" ақшалай-кредиттік саясат жүргізетін болады. Екінші бір тәуекел 2017-2018 жылдардағы жоспарлы көрсеткішпен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттегі мұнай жетіспеушілігінің ұлғаюы болуы мүмкін.

 2018 жылдың бірінші тоқсанына дейін экономика ішкі сұраным тарапынан дефляциялық қысымға тойтарыс бере отырып, өзінің әлеуеттік деңгейінен төмен жұмыс істейтін болады.  

2018 жылдың ортасына қарай сыртқы сұраным әсіресе Еуропадағы экономикалық белсенділіктің қарқындатылуы нәтижесінде өз әлеуетіне қатысты оңтайлы аймақта болады деп күтілуде, мұның өзі Қазақстанның экспорттық әлеуетіне жағымды ықпалын тигізбек.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях