Билік органдарында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

14 ноября 2016 41
Қаржы мониторингі жөніндегі комитет төрағасы болып Берік Шолпанқұлов тағайындалды.

Билік органдарында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

Қазақстанда орталық билік органдары ғана емес, жергілікті органдарда да бірқатар кадрлық тағайындаулар орын алды. ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі жөніндегі комитет төрағасы болып Берік Шолпанқұлов тағайындалды.  Бұл туралы осы аптада ведомствоның баспасөз қызметінде хабарланды.  

 Белгілі болғандай, Шолпанқұлов  еңбек жолын 1996 жылдың қазанында  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасының қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастады. Сондай-ақ осы комитеттің бас қазынашысы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2001 жылғы қазаннан бастап 2004 жылғы шілде аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қолма-қол ақшаны басқару және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасының бастығы болды.  2004 жылғы шілдеден бастап 2008 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2008 жылғы желтоқсаннан бастап 2014 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі. 2014 жылғы шілдеден бастап 2016 жылғы қараша аралығында ҚР Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болды.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях