"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелері

7 ноября 2016 47
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік бағдарламаның барлық бағыттарын жүзеге асыру үшін 2015-2017 жылдары жыл сайын 3 млрд. АҚШ доллары бөлінеді.

Нұрлы жол мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелері

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік бағдарламаның барлық бағыттарын жүзеге асыру үшін 2015-2017 жылдары жыл сайын 3 млрд. АҚШ доллары бөлінеді.  Бұдан бөлек, "Нұрлы жол" жобаларын іске асыру үшін  8,1 млрд. АҚШ доллары көлемінде халықаралық қаржылық институттардың қарыз қаражатын  және 254 млрд. теңге көлемінде ұлттық компаниялар мен даму институттарының жеке қаражатын тарту көзделген. Осылайша, Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін көзделген жалпы қаржыландыру көлемі  5 жылға 18 млрд. АҚШ долларын құрайды", – деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі  Қуандық Бишімбаев.

2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарлама аясында 1 мың км-ге жуық жылумен қамтамасыз ету желілерін, 6 мың км шамасында сумен қамтамасыз ету және ең көп шығын мен апатқа ұшыраған су тарту желілерін  жаңарту жоспарланып отыр.

 Бұл мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен  2015-2016 жылдары 150 млрд. теңге бөлінді.

 2020 жылға қарай  Мемлекеттік бағдарламада  4,5 млн. шаршы метр тұрғын үй енгізу көзделген.

Білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту шеңберінде 43 білім беру объектісі енгізілді, оның ішінде 29 мектеп (үш ауысымдылықты жою үшін 22 мектеп пен апатты жағдайдағы мектептердің орнына 7 мектеп) пен14 балабақша бар. Жыл аяғына дейін қосымша 6 мектеп пен 4 балабақша енгізіледі.  

Бұдан бөлек, Бишімбаев  мырза жыл аяғына дейін қаржыны толық игеру үшін ҰЭМ бюджеттік бағдарламалардың басқа әкімшілерімен, облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен және холдингтермен бірлесіп, проблемалық жобалар бойынша үнемі бақылау жасауды және бөлінген қаржыны мақсатты әрі тиімді пайдалану үшін ай сайын Үкімет отырысында тыңдалатын мониторингті қамтамасыз ететінін атап өтті.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях