«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңындағы өзгерістер

18 марта 2015 299
Заңның жаңа редакциясында бюджет баға мониторингі бойынша ақпараттық жүйенің негізінде қалыптастырылатын болады.

Қазақстан Парламентінің Мәжілісінде бір ай бойына мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы қаралуда. Мемлекеттік органдардың сатып алуын реттейтін заңнамада қандай негізгі өзгерістер орын алатыны туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева айтып өтті. «Парламент жаңа редакциядағы мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын алды. Оның мақсаттары: үдерістерді жеңілдету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін арттыру», – деді А.Соловьева. Ол қазіргі уақытта Парламент Мәжілісі депутаттарының заң жобасына ұсыныстар енгізу үшін өтініштер қабылдап жатқандары туралы хабарлады. Өзгерістер өтінімдерді негізсіз кері қайтаруға және конкурсқа қатысуға рұқсаттарды заңсыз алуға, сондай-ақ тапсырыс беруші мен өнім беруші тарапынан шарт жасасу кезінде теріс пайдаланушылықтарға жол бермеуге бағытталған. Бұл тауарды қабылдау және төлеу кезінде тапсырыс беруші тарапынан асыра пайдаланушылықты болдырмауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях