2017 жылдан бастап Мемлекеттік сатып алу қағидаларына енгізілген жаңа өзгерістер күшіне енеді

31 октября 2016 135
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік сатып алу қағидаларына енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді

2017 жылдан бастап Мемлекеттік сатып алу қағидаларына енгізілген жаңа өзгерістер күшіне енедіҚазақстан Республикасы қаржы министрінің 2016 жылғы 03 қазандағы Бұйрығымен  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осылайша, конкурстық комиссия сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер нарығында әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі болуының әр жылы үшін 0,5%, бірақ бес пайыздан артық емес мөлшерде шартты жеңілдік береді. Аталған өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық ықпалы бес пайыздан аспауға тиіс.

Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі болуының әр жылы үшін 1% мөлшерінде, бірақ он пайыздан артық емес мөлшерде шартты жеңілдік береді.

Егер бір жыл ішінде  әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын жұмыстарды, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсасжұмыс түрлерін  орындаған жағдайда, конкурстық комиссия құрылыстың әрбір келесі объектісі үшін 0,2% мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

Егер конкурстың мәні құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылса, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар түрлеріне ұқсас әрбір келесі орындалған жұмыс үшін 0,2% мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

Аталған өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық ықпалы 10%-дан аспайды.

Сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімді қарауға да өзгерістер енгізілді.  

Бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап әрекетке енеді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях