Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XIII Форумы

7 октября 2016 34
Астанада Еуразиялық кеңістіктің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға арналған Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XIII Форумы болып өтті.

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XIII Форумының пленарлық мәжілісіне екі мемлекет басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен іскери ортаның өкілдері қатысты.  

Шара аясында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев екіжақты форматта өтетін жыл сайынғы кездесулердің екі ел қарым-қатынасын дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысы кең-байтақ аумақ пен ауқымды географиялық жағдай тәрізді ерекшеліктерге ие бола отырып,  Қазақстан мен Ресейдің бәсекелес емес, стратегиялық серіктестер екенін, транзиттік тасымал саласында үлкен әлеуетке ие болып отырғанын жеткізді. Осыған байланысты екі мемлекеттің экономикасының өсуі үшін  көлік-логистикалық жүйесін бірлесе дамыту қажет.

Н. Ә. Назарбаев екі ел үкіметіне осы бағыттағы іс-қимылдар үйлесімін күшейту бойынша тапсырмалар беруді ұсынды. Соның ішінде жүк тасымалының, бірінші кезекте транзиттің көлемін түбегейлі арттыру үшін барлық жағдайды жасау; әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру керек,  өйткені өзара саудада іс-шараның барынша айқын және оларды рәсімдеудің қарапайым болғаны жөн;  Ресейдің көлік инфрақұрылымына қол жеткізу мәселелерін де қарастыру қажет. Осыған байланысты жауапты мемлекеттік органдар  аталған мәселелерді өзара тиімді негізде шешулері керек.  

            Мемлекет басшысы сөзінің соңында  ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайын­дық барысында Ресейдің бірқатар өңірімен (Омбы, Тюмень, Астрахан, Свердловск және Орынбор облыстары,  Алтай және Татарстан республикалары) меморандумдарға қол қою жос­парланып отырғанын еске салды.

            Ресей Федерациясының Президенті  Владимир Путин өз сөзінде Ресейдің Қазақстанмен өнер­кә­сіпте, энергетикада, ауыл шаруашы­лығында, технологиялық кооперация саласында, көліктік инфрақұрылымдағы  ауқымды жобаларда көп жос­парлы сауда және инвестициялық қарым-қатынасты дамытуға басты назар аударатынын жеткізді.  Бұл ретте ол осы процестердегі аймақтардың белсенді де маңызды рөлін атап өтті.

В. В. Путин сондай-ақ Ресей мен Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы негізгі сауда жолы тоғысында орналасқанына, ортақ кедендік шекара бар және темір жол мен автокөлік жолдарының тармақталған желісіне иелік ететініне, сондықтан екі ел де тасымалдаудың жо­ғары деңгейдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынына қатысып отырғандардың назарын аударды.

Сөз соңында Ресей Президенті  ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық көрмесі жұмы­сына белсене қатысатынын және оның бағ­дар­ла­ма­сын­дағы 100-ден астам іс-шараны бірге ұйым­дастыруға дайын екенін жеткізді.

Форум қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды:

  • Қазақстан мен Ресейдің 2016-2018 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Жайық (Орал) трансшекаралық өзені алабының экожүйесін сақтау туралы келісім;

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы кәсіпорындардың, мекемелердің және темір жол көлігі ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы 1996 жылғы 18 қазандағы хаттама;

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ және «Росатом» мемлекеттік корпорациясы арасында ядролық отын циклы саласындағы өзара түсінушілік және стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту туралы меморандум.



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях