Кәсіпкерлер көпшілік қолданатын қытайлық тауарларға қарсы

5 октября 2016 26
Қарағандылық өндірушілер мемлекеттік сатып алу саласындағы көпшілік қолданатын қытайлық тауарларға қарсы шықты. Жосықсыз өнім берушінің тендер ұтып алып, отандық деген желеумен ауруханаға немесе мектепке Аспанасты елінен әкелінген сапасыз тауарды жеткізетін жағдайлары да болады.

 

Бүгінде барлық бюджеттік ұйымдар өздерінің тендерлеріне отандық кәсіпорындарды қатыстыруға тырысады.

Қарағандылық өндірушілер мемлекеттік сатып алу саласындағы көпшілік қолданатын қытайлық тауарларға қарсы шықты.   Жосықсыз өнім берушінің тендер ұтып алып, отандық деген желеумен ауруханаға немесе мектепке Аспанасты елінен әкелінген сапасыз тауарды жеткізетін жағдайлары да болады.

Бүгінде барлық бюджеттік ұйымдар өздерінің тендерлеріне отандық кәсіпорындарды қатыстыруға тырысады. Мемлекеттің нұсқауы осындай. Қазыналық тілде бұл «жергілікті мазмұн» деп аталады. Біз осылайша екі проблеманы бірден шешкен болып есептелеміз. Біріншіден, жұмыс орындарын жасайтын өз кәсіпорындарымызды жұмыспен жүктейміз. Екіншіден, ақшаны шетелге кетуге емес, өз экономикамызға жұмыс істеуге мәжбүрлейміз. Мұның бәрін өткен аптада болып өткен облысымыздағы Кәсіпкерлер палатасының отырысына қатысқан мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссия мүшелері жақсы түсінеді. Мұнда медицина саласындағы мемлекеттік сатып алу талқыланды.

Бұл отырысқа қарағандылық ауруханалардың өкілдері шақырылды. Олардың ішінде облыстық медициналық орталықтың заңгер-кеңесшісі де болды.  Ол биылғы жылы оның ұйымы тендер арқылы  1 миллиард 878 миллион теңгенің тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алатынын айтты. Ақшаның көп бөлігі жұмсалып та қойды. Осыған байланысты облыстық медициналық орталықтың жергілікті мазмұн үлесі 70 пайыздан астамды құрайтынын айтуға болады.  

— Ұжымдық шартқа сәйкес біз медициналық қызметкерлерге арналған арнайы киімдерді, қолғаптар мен  халаттарды үш жылда бір рет сатып аламыз, — деп мәлімдеді облыстық медициналық орталықтың заңгер-кеңесшісі Дәулетбек Омаров. — Өйткені бізде қашан және қанша қызметкер болатынын біз жоспарлай алмаймыз. Біреу жұмысқа тұрады, біреу жұмыстан босатылады…

Үкіметтің қаулысына сәйкес барлық арнайы киімдерді тек қана мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен сатып алуға міндеттіміз.

Заң бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің кейбір түрлерін бюджеттік ұйымдар мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен сатып алуға міндетті. Ол арнайы тізбеде көрсетілген.  Оған: арнайы киім, медициналық халаттар, орамалдар, дәретхана қағазы, бас киімдер, түймелер, ауылшаруашылық машиналарына арналған қосалқы бөлшектер, сондай-ақ абаттандыру, көгалдандыру және аумақты жиыстыру бойынша көрсетілетін қызметтер кіреді. Баламасы жоқ. Жай кәсіпкерлер үшін бұл тендерлерге мүмкіндік шектеулі.  

— Мына картинаны елестетіңізші, — деді талқылауға қатысқан Кәсіпкерлердің еуразиялық ассоциациясының президенті Жомарт Алдаңғаров. — Мемлекеттік сатып алу жеңімпазы сізге қазақстандық өндірушілердің халатын жеткізуге міндеттеледі,  бірақ іс жүзінде Қытайдан көпшілік қолданатын тауарларды әкеледі.  Мұндай жағдайда не істейсіз?

 — Мұндай жағдайларда тексеруші органдар бар: прокуратура, қаржылық бақылау инспекциясы, — деп жауап берді облыстық медициналық орталықтың заңгер-кеңесшісі.

— Сіздердің тәжірибелеріңізде мұндай жағдайлар болды ма?

— Жоқ. Біз оның маманы емеспіз. Біз тауардың сапасы мен құрамын және қайда тігілгенін анықтай алмаймыз.  Біз тек құжат бойынша ғана жұмыс істейміз.

Облыстық медициналық орталықтың өкілі оның ұйымы тауардың әр партиясының сапасын тексере алмайтынын түсіндірді. Өйткені бұл үшін аккредиттелген зертхана қажет.  Сарапшылардың жұмысы үшін төлеу керек. Ал бюджеттік ұйымдар қашанда қаржылық жағынан шектеулі.  

— Иә, көптеген өнім берушілер жағдайды теріс пайдаланады, — деп әріптесімен келісті Найля Қайырбекова. — Өйткені кәсіпкерге тек қана жергілікті өндірістің тауарын жеткізу туралы шектеу қоюға біздің құқығымыз жоқ. Дегенмен біз техникалық ерекшелікте жекелеген сипаттамаларын жазып бере аламыз. ТМД-ның бірқатар елдері өздеріне бөтен өнім берушілерді жібермеудің тәсілін тапқан.  Олар тауардың бірнеше ерекшеліктерін жазып береді, мысалы, қыздырылған шыныдан дайындалған қыздыру шамы, ол тек қана бізде өндіріледі.

 Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссияның басқа да мүшелері әріптесінің сөзін мақұлдады. Ал Мақажанов атындағы облыстық травматологиялық орталықтың өкілі оған қарсылық білдірді. Мұндай жан-жақты техникалық ерекшелік қаржылық бақылау инспекциясына ұнамайтын көрінеді.  

— Білесіз бе, осыдан келіп бізде проблемалар туындайды, — деді ол. — Қаржылық бақылау инспекциясы біздің конкурсымыздың күшін жояды. Тексерістер басталады. Бізді белгілі бір компанияның мүддесін тықпалап жатқандай көреді. Сондықтан жергілікті өндірушіге қатысты егжей-тегжейлі техникалық ерекшелікті біз де жасай алмаймыз. Бұл бұзушылық болып табылады.

Барлығы, мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссия мүшелері де, заңнамаға түзетулер енгізу керек деген бір пікірге келді.

Біріншіден, мүгедектер қоғамын жай кәсіпкерлермен тең жағдайға қою керек. Өйткені мүмкіндігі шектеулі адамдар онсыз да  мемлекеттен берілетін жеңілдіктерге ие. Екіншіден, тауар сапасын бақылау жүйесін назарда ұстау қажет. Қазір мемлекеттік мекемелердің сараптама сияқты дүниелерді қолдану мүмкіндігі жоқ.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях