ЕАЭО-ның қызметі жөніндегі үміт ақталмады

26 сентября 2016 25
Экономист Рахым Ошақбаев Еуразиялық одаққа кірмес бұрын, республикада дайындық жүргізілуі тиіс еді деп санайды.

ЕАЭО-ның қызметі жөніндегі үміт ақталмады

ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі экс-вице министр, экономист Рахым Ошақбаевтың пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) қызметі бойынша Қазақстанның үміті әзірге ақталған жоқ.

«Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы, экспорт төмендеді. Егер жағдайды Кеден одағына дейінгі 2015 жылмен салыстырсақ, біздің экспорт

 шамамен 18,5 %-ға құлдырады», – деп атап көрсетті Рахым Ошақбаев.

 «Біздің ЕАЭО-ға неліктен кіргеніміздің базалық алғышарты жеткілікті түрде түсінікті болатын – біз жалпы нарық, Қазақстанда бәсеге қабілетті жағдай құрғымыз келді.  Алайда Ресей рецессия кезеңіне кіргендіктен (ал бұл мұнай бағасының түсуіне және санкция енгізілгенге дейін болған), бұл маңызды құрылымдық проблемалардың бейнесіне айналды. Өкінішке қарай, біздің ЕАЭО-ға артқан сеніміміз ақталмады», – деп түсіндірді Рахым Ошақбаев. 

Оның ойынша, бұған Қазақстан «интеграцияны да, Мәскеуді де айыптауға тиіс емес, ең бірінші кезекте ол өзін кінәлау керек». «Біз интеграциялық жобаға кірісерде бизнесіміздің  бәсекеге қабілетті болуы үшін макроэкономикалық жағдайлардың барлығын жасауға тиіс едік. Және ең бірінші кезекте, ең шешуші тетік, ең тиімді дүние – бұл бағамдық саясат».

Экономистің пікірінше, «Еуразиялық комиссияны қозғау керек». «Ол іс жүзінде өзіне бағытталған ашық немесе жабық сұрақтардың бірде-біріне жауап бермеді. Бәсекелестікті теңестіру, нарыққа қолжетімділік жөніндегі барлық министрлердің, оның ішінде қазақстандық министрлердің де уәделері орындалмады», – деп қорытты Рахым Ошақбаев.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі 



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях