ЕЭК аудит, есеп беру бойынша ырықтандыру жоспарларының жобасын мақұлдады

1 сентября 2016 43
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы қызмет көрсетудің екі бағыттағы – аудит, есеп беру және бухгалтерлік есеп бойынша бірыңғай нарығын құру жөніндегі ырықтандыру жоспарларының жобаларын мақұлдады.

ЕЭК аудит, есеп беру бойынша ырықтандыру жоспарларының жобасын мақұлдады

Аудит саласындағы Ырықтандыру жоспарының бірінші кезектегі іс-шарасы ЕАЭО аумағында аудиторлық қызмет туралы Келісім жобасын әзірлеу болып табылады.

Қазіргі таңда Келісім жобасын әзірлеу жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Ол 2017 жылға қарай аяқталады деп болжанып отыр.

Есеп беру мен бухгалтерлік есеп бойынша Ырықтандыру жоспарының жобасы осы саладағы Одақ елдерінің ұлттық нормативтік құқықтық жағдайларының салыстырмалы-құқықтық анализін жасауды көздейді. Туындаған қайшылықтардың қорытындысы бойынша мүше-мемлекеттердің сәйкес нормативтік базасын үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жоспарланып отыр, оның ішінде қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарын (ҚЕХС) қолдану да көзделген.

Таяу арада ырықтандыру жоспарларының жобалары Комиссия Кеңесінің қарауына ұсынылады. Ырықтандыру жоспарларын түпкілікті түрде ЕАЭО елдерінің президенттері Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің мәжілісінде мақұлдайтын болады.

Қызмет көрсету нарығын ырықтандыру Одақ елдерінің бизнес жағдайын нарықты кеңейту үшін мүмкіндіктер туғызу жолымен жақсартуға бағытталған. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях