2016 жылы ЕАЭО елдерінде дәрілердің бірыңғай нарығы жұмыс істеуі мүмкін

29 августа 2016 34
Еуразиялық экономикалық одақ елдері (ЕАЭО) биылғы жылы медициналық бұйымдар мен дәрілік препараттардың бірыңғай нарығына өтуді жоспарлап отыр.

2016 жылы ЕАЭО елдерінде дәрілердің бірыңғай нарығы жұмыс істеуі мүмкін

Бұл жөнінде Брянскіде өткен V Славяндық экономикалық форум барысында Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕЭК) Даму және интеграция департаменті халықаралық өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы  Антон Азаров мәлімдеді.

«Үстіміздегі жылы біз медициналық бұйымдардың, дәрілік заттардың бірыңғай нарығына шығамыз, 2019 жылға қарай электр энергиясының және 2025 жылдан кешіктірмей – мұнай және мұнай өнімдерінің бірыңғай нарықтарын құруды жоспарлаудамыз», – деді Азаров.

Оның айтуынша, қазіргі кезде қозғалыстары ұлттық деңгейде реттелетін тауарлар санаты сақталуда, алайда одаққа кіретін мемлекет басшыларының  бұл жағдайды түзетуге деген нақты мақсаттары бар.

«Біз әзірге бірыңғай валюта туралы сөз етіп отырған жоқпыз, дегенмен  біздің ұлттық банктеріміздің  барынша бірігуі мен ықпалдастықтары және қаржы нарығы саласындағы Еуразиялық мега реттеуді құру қажеттілігін қазірдің өзінде белсенді талқылаудамыз», – деп қосты комиссия өкілі.

Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бірыңғай нарығы ЕАЭО елдерінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеуі тиіс болған. Бірақ олар әлі жұмысқа кіріспеді. ЕЭК медициналық бұйымдардың ортақ нарығы 2016 жылдың соңына дейін жұмысын бастайды деп күтуде.

Медициналық бұйымдарды өндірушілер үшін өтпелі кезең 2021 жылға дейін енгізіледі деп көзделуде, олар осы уақыт ішінде өз өнімдерін одаққа қатысушы елдердің ұлттық нарығымен қоса, медициналық бұйымдардың ортақ нарығында да тіркей алады.  

2022 жылдан бастап, медицина бұйымдарын өндірушілер  өз өнімдерін тек қана бірыңғай нарықта ғана тіркеуге тиіс болады, деп түсіндірді ЕЭК өкілі.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях