Қаржы бақылау органдарының ынтымақтастық мәселелері

4 марта 2015 208
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарт шеңберінде ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аударылды.

Ағымдағы жылдың 26-27 ақпанында Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің Төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин Ресей Федерациясы Есеп палатасының өкілдерімен жұмыс бабында кездесулер өткізді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Қазақпарат ХАА.Кездесулер барысында екі елдің жоғары қаржы бақылау органдарының ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, энергетика саласындағы қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылуын, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу және бөлу тәртібін бағалау жөніндегі 2014 жылы жүргізілген бірлескен бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған, өзара іс-қимыл саласын шектеп отырған проблемаларды шешудің жолдары нақтыланды. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылының жай-күйі және оны жетілдірудің перспективалары, сондай-ақ мемлекеттік аудитке көшу кезінде олардың қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесі қаралды. Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмыстарды одан әрі жандандыру, соның ішінде пайдалы тәжірибемен алмасу, сондай-ақ ортақ қызығушылық тудыратын бірлескен, қосарлас бақылау және сараптау-талдау іс-шараларын жүргізу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях