Құрылыс-монтаж жұмыстары үшін лицензияның бар болуы

9 августа 2016 28
Фирмада лицензия, куәлік және сертификат болмаған жағдайда тендерге қатысуға құқығы бар ма?  

Қажетті лицензиясы жоқ әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатыуға рұқсат берілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды). «Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы тиіс. ҚР Азаматтық кодексі 35-бабының 2-тармағына сәйкес, заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болады және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн рұқсат алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi осындай рұқсатты алған кезден бастап пайда болады және ол алып қойылған, қолданыс мерзiмi өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады. Осылайша, қажетті лицензиясы жоқ әлеуетті өнім беруші міндетті түрде лицензиялауға жататын жұмыстарды орындауға құқылы емес.
Заңның 10-бабы 1-тармағының 1) тармақшасынан келіп шығатыны, әлеуетті өнім беруші мынадай негіздердің бірі бойынша: 1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушысының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) ұсынбағанда біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылады. Заңның 27-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, әлеуетті өнім беруші осы баптың 4-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер: 1) ол және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды). 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях