Қазақстанның сыртқы сауда айналымының әлсіреу себептері

5 августа 2016 55
Осы кезең ішінде экспорт 31,2 %-ға, импорт - 27,7 %-ға азайды Бұған сыртқы факторлар көп әсер етті.

2016 ж. қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы ақшалай көрсеткішпен алғанда 18 234,3 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 29,8 % -ға аз. ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі де аталған кезең ішінде айтарлықтай – 1,4 есеге, 3 624,2 млн долларға дейін төмендеді. Сыртқы сауда көрсеткіштері әлі де болса жаһандық шикізат нарықтарындағы қолайсыз баға конъюнктурасының, Ресейдегі экономикалық дағдарыстың, қытай және кейбір батыс елдері экономикасының баялауының, сондай-ақ Қазақстанның мұнай өндірудің әлі де жалғасып жатқан нақты көлемдерінің қысқаруының белсенді қыспағында деуге болады.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымының әлсіреу себептеріАналитиктердің айтуынша, сыртқы жағымсыз факторлар айқын шикізаттық бағыт (отын-энергия өнімдерінің үлесі 72 %-ды құрайды) сақталған экспортқа кәдімгідей кері әсерін тигізді. Ол жылдық мәндегі көлемнің 11 029,1 млн долларға, 31,2 %-ға қусырылуын көрсетті. Қаңтар айының қорытындысы бойынша экспорттың ірі дәрежеде қысқаруы өткен жылғы осыған ұқсас мерзіммен салыстырғанда тек 57,4 %-ды құрады. Экспорт көрсеткіштеріне жыл басында әлемдік нарықтардағы мұнай бенчмарк сұрыптары құнының рекордтық құлауы қатты әсер етті. Экспорттық негізгі бағыттары ЕО (үлес салмағы – 46,4 %), Қытай (12,8 %) және Ресей (9,6 %) болды. Экспорттағы ЕАЭО елдерінің үлес салмағы 10,5 %-ды құрады.

Ішкі инвестициялық сұраныс пен ұлттық валюта девальвациясының тарылуына байланысты, сондай-ақ импорт 2016 жылдың алғашқы төрт айында 7 205,2 млн долларға – яғни 2015 жылғы қаңтар-сәуір айларына қарағанда 27,7 %-ға айтарлықтай төмендеді. Қаңтар импорттау үшін проблемалы болды – көрсетілген айдың нәтижесі бойынша ол өткен жылдың қаңтар айының деңгейімен салыстырғанда 58,6 %-дан асқан жоқ көрсетілген. Есептік кезеңде жетекші импорттаушылар «Үштігін»  Ресей (үлес салмағы – 32,7 %) ЕО (25,7%) және Қытай (14,0 %)) құрады. Импорттағы ЕАЭО елдерінің үлесі – 34,2 %.

Сондықтан, ағымдағы экономикалық әлсіреу, экспорт бойынша айтарлықтай қысқарулардың орын алуына алып келеді. Импорт, тауарлар құрылымының және шыққан жерінің географиясының әртүрлі болуы себепті қысымға неғұрлым төзімдірек. Бұл ретте импорт құрылымындағы РФ үлесі оның үштен бірін құрайды, бұның өзі Қазақстанның сыртқы саудасының солтүстік көршімізге азық-түлік тұрғысынан белгілі бір тәуелділігін білдіреді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях