Қазақстанда медициналық техниканы сатып алу тәртібі өзгертіледі

27 июля 2016 35
«Қазіргі таңда қолданыстағы барлық медициналық техника мүліктері түгенделіп, оның тозу деңгейі анықталды».

Қазақстанда медициналық техниканы сатып алу тәртібі өзгертіледі

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ-нің стратегиялық жоспардың негізгі көрсеткіштері, 2015 жылғы және 2016 жылдың 5 айындағы мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері, алдағы кезеңнің жоспарлары туралы ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінде есеп беру кезінде хабарлады.

«Медициналық техниканы сатып алуды өзгерту бойынша ұсыныстар дайындалды: медициналық ұйымдар құны 5 млн-ға дейінгі медициналық техниканы өздігінен сатып ала алады, 5-100 млн. теңге көлеміндегі техниканы лизинг арқылы, ал құны 100 млн.теңгеден астам бұйымдарды республикалық және жергілікті бюджет есебінен сатып ала алады», – деді министр.

Одан бөлек, ҚР ДСӘДМ басшысы ведомство дәрілік қамсыздандыруды жетілдіру мақсатында сапаның халықаралық стандарттарына сай дәрілік заттарды тіркеуді жеңілдету бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын дайындағанын мәлім етті. 

«Өткен жылы шетелдің сарапшылармен бірлесе отырып Ұлттық дәрілік формуляр әзірленіп, енгізілді. Оған республикада тіркеліп, барлық клиникалық тиімділігі дәлелденген және әрбір дәрінің шектік бағасы көрсетілген дәрілік заттар кіреді. Кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясында сатып алынатын дәрілік заттардың тізімі жаңартылып, референттік баға құруды енгізудің бірінші кезеңі қамтылды. Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына (GXP) өту бойынша жұмыс атқарылуда», – делінген mzsr.gov.kz сайтында жарық көрген хабарламада.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях