ҚР Мәжілісінде жаңа Заңды іске асырудың нәтижелері қаралды

26 апреля 2016 102
Бүгін Мәжілісте  палата төрағасының орынбасары Гүлмира Исімбаеваның төрайымдық етуімен  «Нұр Отан»  партиясы  фракциясының  «Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер туралы» мәселесі бойынша жиналысы болып өтті.

Заңның «Бес институттық реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт Жоспарының 93-қадамының шеңберінде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың біртұтас жүйесін енгізу мақсатымен, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша қабылданып, қаржылық бұзушылықтардың жолын кесу мен болғызбауға мүмкіндік беретін себептерді айқындауға бағытталғандығын еске саламыз.

Отырыс барысында ағымдағы жылдың 3 айы ішінде осы Заңды іске асырудың негізгі нәтижелері сөз болды. Қаржы, ұлттық экономика, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктердің, Бас прокуратура мен тексеру комиссияларының жүйелерімен кіріктірілген Есеп комитетінің ақпараттық жүйесі енгізілді. Ол аудит рәсіміне кететін уақыттық шығындарды елеулі қысқартуға септігін тигізетін болады.

Мұнымен бірге, мемлекеттік сатып алулардың тиімділігі артып келе жатқандығы атап өтілді.Мысалы, бір конкурсқа қатысушылардың орташа саны 5 есе артты. Қатысуға жіберілген өнім берушілер саны 2 есе өсті. Өтінімдерді заңсыз қабылдамауға жасалған шағымдар саны елеулі азайды. Қоғамдық бақылаудың енгізілуі мен тексерулердің нәтижелеріне қолжетімділік қабылданатын шешімдердің мөлдірлігін арттырды. Азаматтарға электрондық порталда мемлекеттік сатып алулар туралы ақпаратты қарау қолжетімділігі ұсынылды.

Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар 25 млрд. теңгебюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.

 Мұнымен бірге мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдар мен Парламенттің өкілдері кірді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

ACTUALIS электрондық жүйесіне тестілік (сынақтамалық) көрсету мүкіндігін алу



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях