Энергетика саласында 57 жоба жүзеге асырылады

11 марта 2016 94
Алматыда, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы отандық тауар өндірушілердің (OTӨ) қатысу проблемаларын шешуге арналған мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамтудың мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының, қалалық әкімдігінің, алматылық тауар өндірушілердің, сондай-ақ жобалау және құрылыс ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылар коммуналдық қызметтердің, сондай-ақ отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысу кезіндегі проблемаларынталқылады. Тараптар ең маңызды мәселелер қатарынан мердігерлердің жекелеген шетелдік өндірушілердіңмүдделеріне ықпал жасайтынын,конкурстықөтінімдерді қабылдаудан негізсіз бас тартатындарын, ұзақ мерзімді шарттар жасасу кезінде қиындықтар туындататынын атап өтті.

Дегенмен,қазіргі кезде энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларындағы мемлекеттік сатып алуғақатысуға ниет білдірген компанияларға арналғанжобалау сатысындатұрған 55 жоба бар. 2016 жылы57 объектініжобалау жоспарланған, олардың ішінде15 жоба –электр энергиясымен жабдықтау,30 – сумен жабдықтау және суды бұру, 8 – газдандыру және 4 – жылу желілері бойынша жобалар.

Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті қазақстандық қамтуды арттыру мақсатында мемлекеттік қаражат есебінен мердігерлік жұмыстарды жүзеге асырушы құрылыс компанияларымен меморандумдар жасайтын болады.Меморандум шарттарына сәйкес,құрылыс компанияларының сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың үлесі 85 % -дан кем болмауы тиіс.

Өткен айда денсаулық сақтау және құрылыс жөніндегі комиссия отырыстарының болып өткенінеске сала кетейік.І жарты жылдықтың соңына дейінбілім беру жәнетабиғатты пайдаланут. б.салаларындағы мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссияның осыған ұқсас отырыстары өткізілетін болады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі

ACTUALIS электрондық жүйесіне тестілік (сынақтамалық) көрсету мүкіндігін алу



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях