Алматыда мемлекеттік сатып алу жөніндегі арнайы комиссия құрылды

12 февраля 2016 88
Комиссияның мақсаты – мемлекеттік органдар мен отандық тауар өндірушілердің (OTӨ) мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту мәселелеріндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.

Комиссияның бірінші отырысының барысында медициналық мақсаттағы бұйымдарды жергілікті өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мәселелері талқыланды. Кездесуге Алматы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың негізгі операторыболып табылатын оның бағынысты мекемелері және алматылық өндірушілер қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттік тендерлерге жеке медициналық мекемелер мен ОТӨ-нің қатысуы, мемлекеттік сатып алудың тренферттілігі жөніндегі мәселелер талқыланды, 2016 жылға арналған жоспарлар жария етілді. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау басқармасы жанынанмемлекеттік сатып алуда отандық өнімдердің үлесінің өсуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ), инновациялық және дағдарысқа қарсы даму мәселелері бойынша жұмыс органының құрылғаны туралы хабарланды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алуда қазақстандық өнімдердің санын жоспарлы түрде арттыру туралы келісімге қол жеткізілді. Жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін мемлекеттік сатып алу бойынша осыған ұқсас кездесулердіқұрылыс, білім, энергетика және басқа да салаларда өткізу жоспарланып отыр.

2015 жылы Алматы қаласында медициналық қызмет көрсету нарығының көлемі 39,9 млрд теңгені құрағанын айта кету керек. Қалада 928 жеке меншік медициналық мекемелер (оның ішінде 16 ірі мекеме) тіркелген,саладағы мемлекеттік тапсырыстың үлесі 26 млрд теңге (65 %-дан астам). Қазақстанда жалпы алғанда медициналық мақсаттағы бұйымдардың 91 компания-өндірушісі жұмыс істейді,оның 46-сы Алматыда орналасқан.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі

ACTUALIS электрондық жүйесіне тестілік (сынақтамалық) көрсету мүкіндігін алу



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях