Дәрілік заттардың ЕАЭО шеңберіндегі айналымы

2 февраля 2016 151
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құру туралы шартқа сәйкес, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения аумағында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы жұмыс істей бастады, оның қызметі екі негізге алынатын құжаттармен реттеледі:

·Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттардың айналымыныңбірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім;

·Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім.

Келісімде өтпелі кезеңдер көзделген:

– 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген дәрілік заттар үшін – 10 жыл – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

– 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген медициналық бұйымдар үшін – 5 жыл – 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Өтпелі кезең аяқталғаннан кейін өтініш беруші тіркеу құжаттарын ЕАЭО аясында белгіленген бірыңғай талаптар мен қағидаларға сәйкес келтіруі тиіс. Бұдан басқа, ЕАЭО аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу қағидасында өтініш берушінің таңдауы бойынша тіркеу рәсімдерінің екеуінің бірін жүзеге асыру мүмкіндігімен:

·ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тек сол елдіңаумағында айналымда болуы;

· дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ЕАЭО аумағында айналымы үшін тіркеудің ортақ қағидалары бойынша өтпелі кезең көзделген.

Осылайша, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарбірыңғай қағидалар мен талаптар бойынша тіркеу рәсімінен өткеннен кейін ғанаЕАЭО аумағында еркін айналыста болады.

Одақтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарсаласына қатысты нормативтік актілерін қолданысқа енгізу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің барлығы Келісімдердің күшіне енуі үшін қажетті барлық ішкі мемлекеттік рәсімдерді өткізгеннен кейін орын алады. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі

ACTUALIS электрондық жүйесіне тестілік (сынақтамалық) көрсету мүкіндігін алу



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях