text
MCFR.KZ Госзакупки

Техникалық регламенттердің жобалары жария түрде талқылауға шығарылады

  • 7 марта 2018
  • 0

Жоғары вольтті жабдықтардың қауіпсіздігі, жеңіл рельсті көліктің, трамвайлардың, метро вагондарының қауіпсіздігі туралы ЕАЭО техникалық регламенттерінің жобалары шағын толықтырудан кейін жария түрде талқылауға шығарылады.

Техникалық регламенттердің жобалары жария түрде талқылауға шығарылады

«Жоғары вольтті жабдықтың қауіпсіздігі туралы», «Метрополитеннің жылжымалы составының қауіпсіздігі туралы» және «Жеңіл рельсті көліктің, трамвайлардың қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) техникалық регламенттерінің жобалары шағын толықтырудан кейін жария талқылауға шығарылады.

Одақтың аталған техникалық регламенттерінің жобалары халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар мен техникалық реттеу саласындағы басқа да нормативтік құжаттарды есепке ала отырып әзірленді.

Сондай-ақ ЕЭК ұсыныстарының жобасы мақұлданды, ол одақтың техникалық регламенттерінің сақталуы үшін мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде ЕАЭО елдері уәкілетті органдарының өзара әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады. Құжат ЕАЭО-ғы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару мен айналымға түсірудің алдын алу бойынша бірыңғай ережелер мен рәсімдерді көздейді.

Бұдан бөлек, сәйкестікті бағалау бойынша аккредиттелген органдарды ЕАЭО бірыңғай тізіліміне қосу, оны қалыптастыру және енгізумен байланысты мәселелер, т. б. қаралды. Аталған мәселелер бойынша қосымша консультациялар жүргізу жоспарланып отыр.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях