text
MCFR.KZ Госзакупки

«Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларындағы жаңалықтар

  • 2 марта 2018
  • 2

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қор өткізетін сатып алу механизміне бірқатар өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

«Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларындағы жаңалықтар

Холдингішілік кооперация шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің (ТЖҚ) тізілімі 10 еседен астам қысқарды. Бәсекелестік ортаны кеңейту жеткізілетін ТЖҚ-ға қойылатын талаптарды жақсартуға және  ТЖҚ сатып алуға бағытталатын қаржыны айтарлықтай үнемдеуге ықпал ететін болады.  

Бағаны арттыруды асыра пайдалануды болдырмас үшін холдингішілік кооперация шеңберінде 50 мың АЕК-тен асатын сомаға тауар сатып алу бойынша орташа нарықтық маркетингтік бағаны міндетті түрде анықтау жөніндегі  механизм көзделеді.

Тізілімнің қалған позициялары бойынша маркетинг жүйесі енгізіледі. Яғни сол немесе басқа ТЖҚ-ға баға қалыптастыру  нарық бағасы негізінде жүргізіледі. Сатып алу кезінде шекті бағадан аспау үшін баға белгілеу мониторингі жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, АБІ рәсімі үшін бірқатар өзгерістер әзірленді.

ЭСАЖ 2.0 бірыңғай сатып алу платформасына өту оның мемлекеттік реестрлермен және деректер базасымен бірігуін іске асыруға, электрондық құжат пен блокчейн технологиясына өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях