text
MCFR.KZ Госзакупки

Жоғары технологиялы өнімді мемлекеттік сатып алу

  • 1 марта 2018
  • 2

Жоғары технологиялы өнімді мемлекеттік сатып алу – Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі ҚР ҚМ-нің жүйелі шараларының бірі.

Жоғары технологиялы өнімді мемлекеттік сатып алу

ҚР Қаржы министрлігі Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі ведомство жүргізетін жүйелі шаралар туралы ақпаратты жариялады. Мұндай шараларға жоғары технологиялы өнімді мемлекеттік сатып алу да жатады.

Мемлекеттік сатып алу негізделетін қағидаттардың бірі – инновациялық және жоғары технологиялы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (ТЖҚ) сатып алу.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында көрсетілгендей, тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде инновациялық және жоғары технологиялы ТЖҚ сатып алудың артықшылығына сүйенуге тиіс.

Мұндай сипаттаманы анықтау үшін конкурстық құжаттамада тиісті өлшемшарттар (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және сатып алынатын тауарларды жөндеуге жұмсалатын шығыстар) көзделген.

Оны қолдану сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысы негізінде жүзеге асырылады және жоғары технологиялы тауар ұсынған конкурс қатысушысына мәлімделген бағаның 10 %-ынан аспайтын сомада шартты жеңілдік алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесінен жұмыстарға конкурс бойынша шартты жеңілдікті есептеу туралы оқыңыздар.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях