text
MCFR.KZ Госзакупки

Құрылыста еурокодтарды енгізу

  • 23 февраля 2018
  • 6

Қазақстанның құрылыс секторында еурокодтарды енгізу кезеңі аяқталып келеді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығындағы баспасөз конференциясында ҚР ИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары хабардар етті.

Құрылыста еурокодтарды енгізу

Құрылыс секторында еурокодтарды енгізу мен нормативтік базаны жетілдіру кезеңі аяқталып келеді. Бұл:

– шетел инвестициясы үшін кедергілерді жоюға;

– ғимараттардың неғұрлым жоғары сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

– заманауи құрылыс материалдары мен инновациялық технологияларды, мәселен, BIM-технологияларды (building information modeling – ғимаратты ақпараттық модельдеу) енгізу мен қолдануға көмектесетін болады.

Құрылыс саласын цифрландыру аясында сараптамадан өту кезінде жобалау-сметалық құжаттаманы 100% электрондық түрде қабылдау көзделеді.

Сондай-ақ қала құрылысын жоспарлауда түбегейлі жаңа тәсілдемелердің бірі қарастырылады (қалаларды егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу кезінде бірыңғай сәулет стилін енгізу). Бұл қала құрылысын тиімді жоспарлауға ғана көмектесіп қоймайды, рұқсат беру рәсімдері кезінде бизнес-процестерді оңтайландыруға да ықпал ететін болады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях