text
MCFR.KZ Госзакупки

Беларусь және Қазақстанның мемлекеттік бақылау органдары аудит мәселелерін талқылады

  • 19 февраля 2018
  • 4

ҚР Есеп комитетінің делегациясы төрағаның басқаруымен Беларусь Республикасы мемлекеттік бақылаудың жоғары органына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚР Есеп комитетінің баспасөз қызметі.

Беларусь және Қазақстанның мемлекеттік бақылау органдары аудит мәселелерін талқылады

Кездесу барысында тараптар әртүрлі мәселелерді талқылады: қаржылық бақылау (аудит) әдістемесін жүргізуді әзірлеу, мемлекеттік активтерді басқару, бақылау (аудиторлық) шараларының сапасына бақылау жүргізу, бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу.

АТ қолдану арқылы аудит процестерін автоматтандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді, ол бюджет процесінің кез келген қатысушысының онлайн-режимде бюджет қаражатын пайдалану мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді.

Беларусь тарапы ҚР қаржылық мониторинг органдары үшін кадрларды іріктеу және дайындау жүйесіне мүдделілік танытты.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар 2018 жылы ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің мемлекеттік аудитінің (бақылау) жоғары органдарының ЕАЭО органдарының сыртқы аудитті өткізу мерзімдерін талқылады (өткізуді үйлестіруші – ҚР Есеп комитеті).

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР және Беларусь мемлекеттік бақылау (аудит) жоғары органдарының ынтымақтастығын нығайту, оның ішінде бірлескен және қатарлас бақылау (аудиторлық) шараларын, семинарларды, тренингтерді өткізу арқылы нығайту туралы шешім қабылданды.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях