text
MCFR.KZ Госзакупки

Сауда мен сатып алуды реттеу және сөз байласуға жол бермеу

  • 16 февраля 2018
  • 4

Жаңалықтар бәсекелестікті дамытуға және келісулер мен бірігулерге жол бермеуге бағытталған сату мен сатып алуларда институционалдық реттеуді тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

Бірқатар НҚА-ге енгізілген өзгерістер туралы заң жобасындағы келісулер туралы

Бәсекелестікке жол бермеу, шектеу немесе жоюға алып келетін сатып алу өнім берушілерінің, саудаға қатысушылардың қызметін үйлестіруге заңды түрде тыйым салынатын болады.

Жаңалық картельдермен (бағалық және тарифтік келісулерді анықтау және жолын кесу) күрестің құқықтық механизмдерін жетілдіруге бағытталған.

Бұл туралы ҚР Парламентінің пленарлық отырысында ұсынылған кәсіпкерлер қызметін реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша бірқатар НҚА-ге өзгерістер енгізу туралы заң жобасы жайлы ҚР Ұлттық экономика министрінің баяндамасында айтылды.

Сөйтіп, бұзушылық жасаған жағдайда лауазымды тұлғалар мөлшері 100 АЕК құрайтын айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жыл ішінде бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл 150 АЕК-ті құрайды.

Сондай-ақ заң жобасы монополияға қарсы тексеру жүргізу кезінде монополияға қарсы органның өкілеттігін күшейтуді көздейді.

Бұл бәсекелестікті қорғауға және келісулер мен бірігулерге жол бермеуге бағытталған сату мен сатып алуларда институционалдық реттеуді монополияға қарсы органның тиімді жүргізуіне септесетін болады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях