text
MCFR.KZ Госзакупки

Денсаулық сақтау саласындағы негізгі қорытындылар туралы

  • 15 февраля 2018
  • 2

Денсаулық сақтау министрлігі негізгі көрсеткіштер бойынша ҚР денсаулық сақтау саласының 2017 жылғы негізгі қорытындыларын, оның ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысты қорытындыларды да ұсынды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау саласындағы негізгі қорытындылар туралы

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған денсаулық сақтау саласының 2017 жылғы негізгі қорытындылары:

– мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуы (МЖӘ). 2017 ж. МЖӘ-мен 35 келісімшарт жасалды (2016 ж. – 1 келісімшарт). МЖӘ жасалған келісімшарттарының жалпы сомасы 28 млрд теңгені құрады;

– инвестициялар. 2017 ж. ҚР денсаулық сақтау инфрақұрылымына салынған инвестиция сомасы 91,4 млрд теңгені құрады (жеке меншік инвестициялар – 44,2 млрд теңге);

денсаулық сақтауды цифрландыру. 2017 ж. медициналық ақпараттық жүйені медицина ұйымдарына енгізу көрсеткішінің өскені байқалды – 75,5 % ( 2016 ж. – 37 %). Денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлік техникамен жабдықтау 2017 ж. 82,7 %-ды құрады (2016 ж. 34,6 %). Денсаулық сақтау ұйымдарының Интернет желісіне қолжетімділік көрсеткіші 19 %-ға дерлік артты, егер 2016 жылмен салыстырсақ, 55,7 %-ды құрады;

– дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Егер 2009–2016 жж. дәрілік заттар (ДЗ) мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың (ММБ) 806 атауын жеткізуге 29 ұзақмерзімді шарт жасалса, 2017 жылы 873 (ДЗ – 525 және ММБ – 348) атауын жеткізуге 25 ұзақмерзімді шарт жасалды. Бұдан бөлек, қолданыстағы ұзақмерзімді шарттар жеті жылдан он жылға дейін ұзартылды. Фармацевтикалық өнеркәсіп өндірісі 42,1 %-ға артты;

бірыңғай дистрибьютордың сатып алуы. Бірыңғай дистрибьютордың 2017 ж. дәрілік заттарды сатып алуы: 139,1 млрд теңге сомасына ДЗ мен ММБ-ның 960 атауы, оның ішінде ОТӨ-ден 478 атау (37,6 млрд тг) сатып алынды, үнем 18,1 млрд теңгені құрады; 2018 ж.: 201 млрд тг сомасына ДЗ мен ММБ-ның 1192 атауы, оның ішінде ОТӨ-ден 532 атау сатып алынды (50 млрд тг).

Бұдан бөлек, барлық дәрі-дәрмек құралдарына бағаны реттеу мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді. Бірыңғай дистрибьютордың ДЗ мен ММБ-ды сатып алу рәсімдері онлайн-режимде көрсетіледі.

Медициналық құрал-жабдықты республикалық бюджет есебінен сатып алудан бас тарту нәтижесінде үнем 15 млрд теңгені құрады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях