text
MCFR.KZ Госзакупки

ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығы экономикалық түрғыда өсу үшін қажет

  • 12 февраля 2018
  • 2

Ортақ қаржы нарығын құру ЕАЭО елдерінің экономикалық өсуі үшін мықты қозғаушы күшке айналмақ.

ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығы экономикалық түрғыда өсу үшін қажет

Мәскеу отырысында ЕАЭО ортақ қаржы нарығының нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру үшін ұсыныстар мен құжаттар талқыланды.

Еске сала кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-ға қатысушы елдердің қаржылық нарығын реттеушілермен бірге Одақтың ортақ қаржы нарығын қалыптастыру концепциясының жобасын әзірледі. ЕЭК экономика және қаржылық саясат жөніндегі министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, құжатта қаржылық қызмет көрсетудің ортақ нарығын құрудың құқықтық механизмі, сондай-ақ оның дамуына ықпал ететін құралдар анықталады. Бұл капиталдың еркін қозғалуын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі, инвестициялық ынтымақтастықты жандандырады, ЕАЭО елдері қаржылық деңгейінің ауқымдылығын арттырады және оның орнықты экономикалық өсуінің мықты қозғаушы күшіне айналады.

Сондай-ақ ЕАЭО мүше-мемлекеттеріндегі биржаларда (сауда ұйымдастырушыларында) бағалы қағаздарды орналастыру мен айналысқа түсіруге өзара рұқсат беру туралы келісімде жасалған негізгі қағидаттар мақұлданды.

Бұдан бөлек, отырысқа қатысушылар ЕАЭО шеңберінде Кредиттік тарих құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімнің мәселелерін қарастырды.

ЕАЭО-ның серіктес елдері банкілерінде ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің азаматтарына шот ашуда қиындық тудыратын шектеулерді жою жұмысын жалғастыру жоспарланып отыр.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях