text
MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алу: Қорғаныс министрлігі өнім берушілерге қарыздарын төлейді

  • 31 января 2018
  • 8

Қорғаныс министрлігі мен ҚР ІІМ мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын бұзушылық мәселелері ҰКП жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында қаралды.

Мемлекеттік сатып алу: Қорғаныс министрлігі өнім берушілерге  қарыздарын төлейді

Кеңес отырысында жоғарыда аталған министрліктердің сатып алуларындағы екі жағдай қарастырылды.

Осылайша, 2016 жылдың соңында Қорғаныс министрлігі бұрын жасалған негізгі шарттарға қатысты қосымша келісімге қол қойды, оған сәйкес кәсіпкерлер 2017 жылдың қаңтарынан бастап ақпан аралығында конкурстық рәсімдердің қорытындылары шығарылғанға дейін әскери бөлімдердің әскери қызметшілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге өздеріне міндеттеме қабылдады. Алайда қызмет көрсетілгеннен кейін министерлік орындалған жұмыстар актісіне қол қоюдан және көрсетілген нақты қызметтер үшін ақы төлеуден бас тартты, бұған себеп ретінде шарттың қазынашылық органдарда уақтылы тіркелмегенін айтты. Кәсіпкерлердің шығыны 200 млн-ға жуық теңгені құрады.

Мұндай жағдай ОҚО-да да орын алды, онда мердігер ІІМ мектебін күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмысы үшін төлем алмады (конкурс 2012 жылы өтті). Соттар мердігердің талап арыздарын қанағаттандырудан бас тарта отырып, шарттың қазынашылық органдарда тиісті түрде тіркелмегеніне сілтеді.

Алайда Астана соты кәсіпкерлерді қолдады, экономикалық соттардың шешімін жойып, берешекті өндіріп алу туралы шешім шығарды, ол туралы Кеңеске қатысушылар хабардар етілді.

Отырыс барысында Қорғаныс министрлігінің өкілдері өнім берушілерге қарыздарды бір ай ішінде төлейтіндерін айтып, сендірді.  

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях