text
MCFR.KZ Госзакупки

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының орындалу барысы туралы

  • 26 января 2018
  • 6

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының орындалу барысы туралы ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев ҚР Парламенті Мәжілісінде сөйлеген сөзінде хабардар етті.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының орындалу барысы туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының қабылдануымен мемлекеттік сатып алудың бүкіл жүйесі электрондық форматқа көшті. Электрондық банк кепілдіктері, ЭШФ, шарттың орындалуы туралы актілер, т. б. қоса алғандағы барлық құжаттар веб-портал арқылы ресімделеді. Тіркелетін шарттарды қазынашылық органдарына веб-портал автоматты түрде жібереді.

Камералдық бақылау – объектіге бармай-ақ онлайн-режимде бақылау енгізілді.

Жыл басынан бері «Электрондық шағым беру» функционалы іске қосылды. Сондай-ақ Шағымдар тізілімі енгізілді, ол жұртшылыққа қабылданған шешімдердің негізділігін бағалауға мүмкіндік беретін ашық қолжетімділіктегі оларды қарау нәтижелерін қамтиды.

Алдын ала жылдық жоспар да өз тиімділігін көрсетті. Ағымдағы жылға 29.12.2017 ж. жағдай бойынша жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеден асатын сатып алудың жылдық жоспарлары бекітіліп те қойды, 500 млрд теңгенің рәсімдері аяқталды.

Техникалық ерекшелікті алдын ала талқылау туралы нормалардың енгізілуі де оң нәтижелер берді, соның арқасында сатып алуға қатысушылар конкурс құжаттамасы жобасымен алдын ала танысуға мүмкіндік алды. Өткен жылы техникалық ерекшелік талаптары бойынша 19 000 ескертудің жартысынан астамы назарға алынды, яғни әрбір екінші конкурстық құжаттама техникалық ерекшелікті алдын ала талқылау ескеріле отырып әзірленді. Негізінен ескертулер тапсырыс берушілердің техникалық ерекшелікті жасау кезінде жіберген қателіктеріне қатысты болды. Аталған нормалар белгілі бір өнім берушілердің конкурстық құжаттамасын «қайрай» түсетін жосықсыз тапсырыс берушілермен күресуге мүмкіндік берді.

Заңның өтінімдерді өзара қарауды қамтамасыз ету бөлігіндегі талабы ашықтықтың артуына ықпал етті.

Қабылданған Заңның маңызды нәтижесі – бір конкурсқа 1–2 қатысушыдан 4-ке дейін бәсекелестік ортаны ұлғайту. Үнем көрсеткіштерінің бес есе ұлғаюы байқалды: егер 2015 ж. үнем 43 млрд теңгені құраса, ал өткен жылы ол 219 млрд теңгені құрады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях