text
MCFR.KZ Госзакупки

Техникалық регламенттерді бағалау жөніндегі сауалнама

  • 22 января 2018
  • 0

ҚР ҰКП техникалық регламенттерге талдау жүргізе отырып, кәсіпкерлерге ЕАЭО техникалық регламенттерінің ықпалын бағалауға қатысу туралы өтінішпен жүгінді.

Техникалық регламенттерді бағалау жөніндегі сауалнама

ЕАЭО елдерінің бірыңғай нарығын құру үшін, техникалық реттеу саласында өнімге қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу қажет. Мұндай талаптар ЕАЭО аумағында орындалуға міндетті өнімнің сан алуан түріне қатысты қауіпсіздік талаптарын қамтитын белгілі бір техникалық регламенттерді қабылдау жолымен белгіленеді.

Қазіргі таңда ЕАЭО-да 46 техрегламент қабылданған, оның 10-ы Қазақстанда әзірленді. Олардың 37-і күшіне енді, ал 9 техникалық регламент 2018–2022 жж. ішінде күшіне енеді.

Бұл ретте 2016 жылы Ұлттық палатаның қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия өткізетін ЕАЭО-ның қабылдаған техникалық регламенттеріне қатысты реттеуші ықпалды бағалау рәсімі енгізілді. Алайда бағалау 2016 жылға дейін қабылданған ЕАЭО-ның техникалық регламенттерін қамтымайды.

Соның салдарынан ҰКП ЕАЭО-ның қабылдаған техникалық регламенттерінің кәсіпкерлердің қызмет жүргізуіне кедергі келтіретін нормаларын анықтау мәніне қатысты талдау жұмысын бастады.

Техрегламенттердің ықпал ету аясы республиканың барлық басты салаларын қамтиды. Сондықтан да олардың кәсіпкерлердің қызмет жүргізу жағдайына шынайы ықпалын бағалау қажет.

Егер проблемалық нормалар анықталса, Ұлттық палата техникалық регламенттерге өзгеріс енгізуге бастамашы болады.

Осыған байланысты ҚР ҰКП бизнес-қоғамдастық өкілдеріне осы жұмысқа белсене қатысуға өтініш білдірді. Палата сайтында ЕАЭО-да қабылданған техникалық регламенттердің тізбесімен қатар, сауалнама парағын да орналастырды. Сауалнама мақсаты – кәсіпкерлер қызметіне қойылатын көтеріңкі талаптарды белгілейтін ережелерді, артық реттеуді, шектеу немесе басқа да кедергілерді анықтау.

Толтырылған сауалнама парағын ағымдағы жылдың 20 наурызына дейін ҚР «Атамекен» ҰКП Техникалық реттеу департаментінің мекенжайына жолдау керек.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях