text
MCFR.KZ Госзакупки

ЕЭК Алқасы қабылдаған шешімдер

  • 17 января 2018
  • 0

16 қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы техникалық реттеу және кедендік әкімшілендіру саласында, т. б. шешімдер қабылдады, деп хабарлайды ЕЭК.

ЕЭК Алқасы қабылдаған шешімдер

ЕЭК Алқасы техникалық реттеу және кедендік әкімшілендіру саласында шешімдер қабылдады. Осылайша, электрондық құжат түрінде толтырылатын тауарлар декларациясының, транзитті декларацияның, КҚ декларациясының құрылымы мен  форматы бекітілді. Алқа оларға қатысты кедендік декларация беру «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжат ұсынумен ілесе жүретін өнімдер тізбесін де бекітті.

Ішке қабылдау үшін түрлендіріліп босатылатын Дәрілік препараттардың (ДП) сапасы жөніндегі нұсқаулық мақұлданды. ЕАЭО елдеріне оны ДП фармацевтикалық әзірлеу бойынша зерттеулерді жоспарлау және өткізу кезінде гастрорезистенттілік қағидаты негізінде мерзімі ұзартылған босатумен қолдану ұсынылды.

ЕАЭО және ҚХР кеден шекаралары арқылы алып өтілетін халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдары жайлы Ақпарат алмасу туралы келісім жобасы қабылданды.

«Еуразия апталығы–2018» халықаралық форумын өткізу мерзімдері бекітілді. Осы жылы форум 24–26 қазанда Ереванда өтеді. Өткен жылы «Еуразия апталығы» форумы Астанада (24–26 тамызда) өткен болатын.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях