ОҚО-да мемлекеттік сатып алу ең сыбайласқан салалардың бірі

13 ноября 2015 293
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар күш алуда. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары «дөңгелек үстел» басында мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашық еместігін талқылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар күш алуда.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары «дөңгелек үстел» басында мемлекеттік сатып алужүйесінің ашық еместігінталқылады. Дәл осы жерде пысық шенеуніктер байю жолдарын табады. Өйткені конкурстарда тауарлар менкөрсетілетін қызметтердің құны көбінесе негізсіз шарықтап кетеді. Сарапшылар үстіміздегі жылдың10 айына мониторинг жүргізді жәнебірқатар келеңсіз айқын фактілерді анықтады.

 «213 миллионнан астам теңге көлеміндегі сомағамемлекеттік қаражатты тиімсіз пайдалануға жол берілмеді, бағаларды жоғарылату фактілерінің ең көп саны әр түрлі деңгейдегі әкімдіктер мен ведомстволық бағынысты ұйымдарға келеді, онда 80 ұсыным хаттар енгізілген. Олар бойынша үнемделген сома 149 млн теңгені құрайды. Талдау көрсеткендей,бағаны көтерудің46 фактісі –жанар-жағармай сатып алу кезінде орын алағаны белгілі болды,бұл жалпы санның 40 %-ы. Үнемдеу сомасы 38 миллионнан астам теңгені құрайды. Бұл жағдай жыл басында ЖЖМбағасының төмендеуінен туындаған. Бірақ,мемлекеттік органдар өткен жылдың соңында қалыптастырылған мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізілгенбағаларға сүйенеді,бұл араданарықтық бағалар ескерілмейді», – деді ОҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпараттық-техникалық бөлімінің басшысы Сәкен Тутеев. 

Бюджеттік қаражаттарбілім беру, денсаулық сақтау салаларында, сондай-ақтіпті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде де тиімсіз жұмсалады.Медициналық заттардың, құрылыс материалдарының, құрал-жабдықтар мен азық-түліктердіңқұны жасанды түрде көтеріліп отырады. Сарапшылар жер қатынастары және ауыл шаруашылығын басқару бөлімінің қызметкерлері десыбайлас жемқорлыққа бейім, дегенді айтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларының күш ала бастағанын атап өтті. Басты мақсат – парақорлармен және жабық мемлекеттік сатып алулармен ымырасыз күрес жүргізу. Ол үшін, мемлекеттік сатып алудың ашық болуыменжұмыс істеу және халықтың сауаттылық деңгейін арттыру қажет.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі 



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях