text
MCFR.KZ Госзакупки

Қаржылық қызмет көрсету бойынша тапсырыс берушілер мен өнім берушілерге

  • 11 января 2018
  • 10

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында қаржылық қызмет көрсету жөніндегі тапсырыс берушілер мен өнім берушілер үшін ақпарат жарияланды.

Қаржылық қызмет көрсететін тапсырыс берушілер мен өнім берушілерге

ҚР Қаржы министрлігі қаржылық қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мәселелері бойынша  келіп түскен хаттарды қарай келіп, мынаны хабарлайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) ҚР Кодексінің 263-бабы 15-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру осы Кодекстің 250-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайда талап етілмейді.  

Салық кодексінің 250-бабына сәйкес Салық кодексінің 250-бабының 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар ҚҚС-тан босатылады.

Сондай-ақ Салық кодексінің 263-бабының 16-тармағына сәйкес Салық кодексінің 263-бабының 15-тармағының 6) тармақшасында көзделген көрсетілетін қызметтер, яғни қаржылық қызмет көрсетілген жағдайда ТЖҚ алушының талабы бойынша шот-фактура жазып беру бойынша өнім берушінің міндеттілігі жоқ.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес қаржылық қызмет көрсеткені үшін комиссия өндіріп алу төлем сомасынан есептеу және (немесе) шартта көзделген ақша аудару жолымен, яғни қаржылық қызмет көрсету сәтінде жүргізіледі.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде қаржылық қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын веб-портал арқылы қызмет көрсету актісін ресімдеместен және ЭШФ АЖ арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеместен жүзеге асыруға болады деп ойлаймыз.

Тиісті түзетулер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізіледі.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты