text
MCFR.KZ Госзакупки

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері

  • 9 января 2018
  • 9

Денсаулық сақтау министрлігінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері, оның ішінде бірыңғай дистрибьютор өткізетін сатып алулар талқыланды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері

Денсаулық сақтау басқармасының, Фармация комитеті мен «СК-Фармация» басшылары қатысқан селекторлық мәжіліс барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қазіргі таңда бірыңғай дистрибьютор бір мезгілде бірқатар сатып алу рәсімдерін өткізуде. Стационарлық және  амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар сатып алынуда. Алғаш рет дәрі-дәрмекті сақтау мен тасымалдау, сондай-ақ 8 өңірге арналған дәрі-дәрмекті есепке алу мен өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сатып алу, т. б. ұйымдастырылды. 

5 қаңтардағы мәлімет бойынша амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін  74 % дәрі-дәрмек сатып алынды.

Сондай-ақ отандық өндірушілермен, шетелдік дайындаушы зауыттармен және халықаралық ұйымдармен ұзақмерзімді келіссөз жүргізу шеңберінде препараттарды сатып алу жүргізілді. Қалған дәрі-дәрмек пен ММБ екікезеңдік тендер арқылы сатып алынады. Тендерлік өтінімдерді ашу рәсімі 4 қаңтарда өтті. Екікезеңдік тендер қорытындылары 2 ақпанда өткізіледі.

Мәжіліс қатысушылары тегін берілетін дәрі-дәрмекті есепке алу мен өткізу жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы да хабардар етілді. Осылайша, көрсетілетін қызмет сатып алынатын өңірлерде  диспансерде емделушілерге дәрі-дәрмек компанияның конкурста жеңімпаз атанған дәріхана желілері арқылы беріледі. Тендер нәтижелері 25 қаңтарда белгілі болады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты