text
MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы жаңа функционал

  • 29 декабря 2017
  • 5

28 желтоқсаннан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушіге бірқатар сатып алу тәсілдері бойынша қорытындылар хаттамасына электрондық шағымдану функционалы қолжетімді болмақ.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы жаңа функционал

28 желтоқсаннан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушіге ашық конкурс, аукцион, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сияқты тәсілдермен жүзеге асырылатын сатып алудың қорытындылар хаттамасына электрондық шағымдану функционалы қолжетімді болмақ.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 47-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы.

Электрондық шағым беру:

– өтінім берілген сатып алулар бойынша;

– ашық конкурс, аукцион, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сияқты сатып алу тәсілдері үшін;

– қорытындылар хаттамасы жарияланған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қолжетімді.

Бұл ретте жүйе шағымды қорытындылар хаттамасы жарияланған күні беруге тыйым салмайды.

Шағым беру рәсімінің толық сипаттамасы өнім беруші нұсқаулығында келтірілген.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях