40-тан астам елдер ЕурАзЭҚ-мен ынтымақтастыққа мүдделі

23 октября 2015 139
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықпен (ЕурАзЭҚ) ынтымақтасуға 40-тан астам ел өз мүдделерін білдірді, оның ішінде сөз еркін сауда аймақтарын құру туралы болып отыр, деп мәлімдеді РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев Шетелдік инвестициялар бойынша консультативтік кеңестің отырысында.

"Еуразиялық одақпен мұндай ынтымақтастыққа мүдделі екендіктерін 40-тан астам ел білдірді, олардың барлығымен еркін сауда аймағын қоса алғанда, ынтымақтастыққа арналған түрлі платформалар құру туралы келіссөздер жүргізілуде", –деді Медведев, Шетелдік инвестициялар бойынша консультативтік кеңестің отырысында. Ол ЕурАзЭҚ Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойғанын еске салып өтті. Медведев шетелдік компаниялар үшін ЕурАзЭҚ бес елдің нарықтарында өзінің қатысуын кеңейтуге мүмкіндіктер береді дегенді атап өтті, деп хабарлады "РИА Новости". Қазақстанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 16 қазанда өткен отырысы барысында, еркін сауда аймағын құру туралы Израильмен келіссөздерді бастау туралы шешім қабылданды.

Лима қаласында 6 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия мен Перу үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Интеграция және макроэкономиканың негізгі бағыттары бойынша Алқа (министр) мүшесі Татьяна Валовая ЕЭК атынан құжатқа қол қойды. Бұл еуразиялық интеграциялық жобаға деген Латын Америкасы аймағындағы елдердің қызығушылығының артқанының куәсі, сондай-ақ осы елдердің Еуразиялық экономикалық комиссиямен терең және жүйелі түрде өзара әрекеттесуге деген сұранысын көрсетеді.

Сантьягода 2 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия мен Чили үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен комиссияның алғашқы бағыт беру отырысы өтті.

Ғаламдық ынтымақтастық маңызды тренд болып табылады. Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения және Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақ ұйымдастырды және Вьетнаммен ЕСА (еркін сауда аймағын) құрды. 40-тан астам елдер мен халықаралық ұйымдар, оның ішінде Индонезия, Қытай, Таиланд және Камбоджа ЕурАзЭҚ-мен еркін сауда аймағын құруға ниет білдірді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях