ЕурАзЭҚ елдерінен өнімдерді импорттауға шектеулер енгізу

5 февраля 2015 423
Жоспарланған өндіріс көлемінің 2014 жылғы деңгейге жетпеуінің жаңа тәуекелдері пайда болуда.

Жоспарланған өндіріс көлемінің2014 жылғы деңгейге жетпеуініңжаңа тәуекелдері пайда болуда.6 ақпанда Мәскеуде Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің бірінші отырысының барысында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) елдерінен жекелеген өнім түрлерін әкелуге ерікті шектеулер енгізу мәселесін қарастыру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі. "Жұма күні Қазақстанның премьер-министрі Мәскеуге ұшады, ол (Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің бірінші отырысында) Дмитрий Медведевпен кездеседі Онда Кеден одағы туралы сөз болады. Бару мақсаты: екі тараптың да өнімдерін қорғау жөніндегі шараларды талқылау. Ерікті шектеулер (кейбір бір өнім түрлерін әкелу бойынша) қолдану туралы пікірлер бұдан бұрын да айтылған болатын. Бұл күрделі мәселе", – деді өткен дүйсенбі күні Павлодар облысы әкімдігініңмәжілісінде Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев."Мүмкін біз қателесетін де шығармыз, алайда бұл мәселені тауарлар импортына уақытша тыйым салуды немесе шектеулер қоюды қабылдау арқылышешкен дұрыс, Қазақстандағы бұндай тараларға қажеттілікті отандық өнім берушілер жаба алады. Немесе Ресейде оңтайлы қолданылып отырған реттеудіңтарифтік емес демпингке қарсы шараларын кейбір қазақстандық тауарларғақолдану. Мысалы, импортталатын өнімдерді квоталау мен лицензиялау арқылы немесе оларға қосымша техникалық, экологиялық талаптар қоюға болады", – деді Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов.
"2014 жылғы 31 желтоқсанда Ресей Федерациясы "Өнеркәсіп саясаты туралы" Заң қабылдады. Оның тармақтарының бірінде, мемлекеттік, муниципалдық және заңды тұлңаларлың жекелеген түрлерінің сатып алуларын қамтамасыз етуге арналған тауарларды, жұмыстарды көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде, Ресей Федерациясының аумағында өндірілген өнеркәсіп өнімдеріне басымдылық белгіленеді деп, нақты айтылған.Сондықтан біз үшін ол жаққа жол жабық, біз ешнәрсе бере алмаймыз", – дегенді қоса айтты "Казэнергокабель" АҚ бас директоры Олег Крук. Оның мәліметі бойынша, зауытта өндіріс көлемі 2014 жылы 4 есеге қысқартылған. "Біз Ресей сияқты әрекет ете алмаймыз, өйтені ДСҰ-кіру алдында тұрмыз. Дегенмен белгілі бір қадамдар жасауға тиіспіз. Мысалы, ұлттық компаниялардың сатып алуларындақазақстандық мазұнды арттыруға қол жеткізу. Алдын ала деректерге сүйенсек, бүгінгі күні Павлодар облысы бойынша 128 млрд теңгеге меморандумдарға қол қойылды. Қазіргі кезде бұл Қазақстандағы ең ірі көрсеткіш", – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Дереккөз: "Kapital.kz" іскерлік порталы



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях