Мәжілісте мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы мақұлданды

2 октября 2015 347
"Заң жобасының негізгі мақсаты құқық қолдану практикасы мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік сатып алудың тиімді жүйесін құру болып табылады.

"Заң жобасының негізгі мақсаты құқық қолдану практикасы мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік сатып алудың тиімді жүйесін құру болып табылады. Заң жобасының негізіне БҰҰ-ЮНСИТРАЛ сатып алу туралы үлгі заңының, ЭЫДҰ стандарттары мен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелері алынды. Заң жобасының негізгі ережелерін "100 нақты қадам"Ұлт жоспарын қамтамасыз етуге арналған56 заңды қабылдау жөніндегі бағдарламааясында Ұлттық комиссия мақұлдаған", – деп мәлімдедіҚР қаржы министріБақыт Сұлтанов заң жобасын таныстыру кезінде.

Оның айтуынша, заң жобасында бюджетті көтеріңкі баға бойынша жоспарлау мәселесіншарттардытек электрондық форматта ғана жасасуды енгізу арқылы шешу ұсынылады. 

Министр сондай-ақ заң жобасымен конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау иституты енгізіледі деп мәлімдеді. Бұл шара әлеуетті өнім берушілерге техникалық ерекшелік талаптарымен алдын ала танысуға және олар бойынша ескертулер бар болған жағдайда оларды жою туралы тапсырыс берушіге жүгінуге мүмкіндік береді. Конкурстық өтінімдерден негізсіз бас тарту мәселесін, тапсырыс берушілердің растайтынқұжаттарды көрсете отырып, өтінімдерді қабылдамау себептерін жан-жақты және нақты сипаттау міндетін белгілеу арқылы шешу ұсынылды. Көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда заң жобасында лауазымды тұлғалардың 10 АЕК мөлшеріндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілігі көзделген.

Бақыт Сұлтановтың хабарлауынша, сатып алу қорытындыларына шағымданудың тиімді тетіктерін белгілеу аясында, заң жобасында шағымды қараукезеңіндешарт жасасуды 10 күнге тоқтата тұру нормасы ұсынылды.Сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қабылдаудан негiзсiз бас тарту, уақтылы төлемеу, сатып алуды дер кезінде өткізбеу мәселелері де заң жобасы арқылы шешілетін болады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі

ACTUALIS электрондық жүйесіне тестілік (сынақтамалық) көрсету мүкіндігін алу



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях